{metadescription}
Елордада санитарлық талап сақталмаған қоғамдық көлік тоқтатылады  
Елордада санитарлық талап сақталмаған қоғамдық көлік тоқтатылады  

Елордада санитарлық талап сақталмаған қоғамдық көлік тоқтатылады  

Елордада қоғамдық көлік қозғалысы қайтадан тоқтатылуы мүмкін. Қала билігі: «Автобустардағы санитарлық талап дұрыс сақталмай жатыр» - деп, осындай шешім шығаруға мәжбүр екенін ескертті. Тура бір апта бұрын елорда ішінде қоғамдық көліктердің қатынасы қайта жанданған. Бірақ жолаушылар, онан қалды автобус жүргізушісінің өзі де тәртіпке бағынбайды екен. Жалпы, карантин кезіндегі қоғамдық көлік қызметін тұтынудың қағидалары қандай? Жолаушылар нені қаперден шығармауы керек?

- Қоғамдық көлікте міндетті түрде бетперде киіп жүру керек.

- Жоқ қой енді. Дәріханада жоқ болса, не істеймін?

- Кез келген дүкенде бар ғой.

Тексеріп жүргендердің назарына бетпердесіз жолаушылар іліксе, дереу көліктен шығарылады. Бірақ медициналық бетпердені қажет қылмайтындар көп екенін өзіміз де байқадық. Карантин кезіндегі талапты елемейтіндер неше түрлі себеп айтады. 

- Дәріханаға бардық қой, бетперде жоқ болды.

- Автобуста неге бетпердесіз жүрсіз?

Менде бетперде бар.

Неге тақпайсыз?

Өйткені аллергиям бар.

Қауіпсіздік шараларын қаперге ілмейтін жолаушылар жетіп артылады. Бірақ жүргізушілердің өздері де талапты орындамайтын болып шықты. Мәселен, карантин кезінде аялдамаға тоқтаған автобустың есіктері бір уақытта ашылуы тиіс. Яғни жолаушылардың есік ауызында көп шоғырланбауы үшін. Бұл талапты автобус тізгіншілерінің кейбіреуі ғана орындайды. Жүргізушінің бетпердесіз жолаушыларға ескерту жасағаны да көрінбеді. 

Қарлығаш Әбдішева, Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Жүргізушілер жолаушылардан бетперде киіп кіруді талап ету керек. Егер бетпердесіз кірсе, ескертіп, кіргізбеуі керек, егер өзімен бірге алып жүрсе, киюін қамтамасыз ету керек. Аялдамаларда күніне кемінде бір реттен дезинфекциялық жұмыс жүргізілуі тиіс. Осындай шарттар қойылған.

Қазір қала ішіндегі маршруттарды күніне 238 мыңдай жолаушы тұтынады. Карантин кезіндегі ережелердің сақталуын Көліктік бақылау департаментінің мамандары қадағалайды. Алайда талапты орындамайтындарға ескерту жасаса, көбісі жанжалдаса кетеді екен. Негізгі қағидалардың бірі –  әр автобусқа, көп дегенде тек 50 пайыз жолаушы отыруы тиіс. Бірақ оған да қарап жатқаны шамалы. 

Оксана Лоскутова, CTS компаниясының баспасөз хатшысы:

Автобус аялдамаға келгенде 50 пайызға толық болса, алдыңғы есік ашылмайды. Алайда басқа жолаушыларды шығару үшін жүргізуші қалған есікті ашады. Сол кезде алдыңғы есіктен кіре алмағандар басқа есікпен  автобусқа кіреді. Қала тұрғындарын тиісті ережелерді сақтауға шақырамыз. Өйткені бұл сіздің және айналаңыздағы басқа адамдардың денсаулығы. 

Апта бұрын автобустардың қатынасы басталғанда қоғамдық көліктегі санитарлық талаптар да қоса бекітілген. Бірақ, бұл ережелердің еленбейтіні жайлы көптеген азаматтар әлеуметтік желілерде шағымданған болатын. Әзірге ауызша ескерту жасалып жатыр. Егер жүргізуші немесе жолаушылар тасымалымен айналысатын қызметкер коронавирус жұқтырса, маршруттардың қозғалысы мүлдем тоқтатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде