{metadescription}
Елімізде мұнай өнімдері экспортына салынған тыйым алынып тасталды
Елімізде мұнай өнімдері экспортына салынған тыйым алынып тасталды

Елімізде мұнай өнімдері экспортына салынған тыйым алынып тасталды

Қазақстан мұнай өнімдері экспортына салынған тыйымдарды дереу алып тастады. Осылайша министрлік жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймаларының толып кетуіне жол бермей, мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етпекші.

Ел аумағынан тыс жерлерге автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйым алынып тасталды. Экспортқа шығарылатын бензин және дизель отыны бойынша акцизделетін тауар өндірушілері акциздерді төлеуден босатылды. Ал Ресейден Қазақстанға бензин мен дизель отынын теміржол арқылы жеткізуге керісінше, тыйым салынды. Сондай-ақ, мұнай өнімдерін, оның ішінде бензин, дизель отыны және мазутты сыртқа тасымалдау бойынша кедендік баж салығы алынбайды. Мұның себебі, елде жанармай тұтыну көлемі биылғы 4 айда 1 миллион 206 мың тоннадан сәл асыпты. Ол өткен жылға қарағанда 9 пайызға кем. Алайда бензин бағасы арзандамайды.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі: 

- Мұнай бағасы арзандағанымен, мұнай өнімдерінің бағасын қалыптастыратын басқа құрамдарының құны сол күйі қалды. Мысалы, өндіріс барысы, жаңарту жұмыстары, тасымалдау мен мұнай өнімдерін сақтау шығындары да төмендемеді. Сондықтан жанармай құны тек 4 пайыз шамасында ғана арзандады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде