Өгей әкесін өлтіріп сотталған оқушы абақтыда асылып қалды
Оралда өгей әкесін өлтіргені үшін 9 жылға сотталған мектеп оқушысы өлі күйінде табылды. Уақытша тергеу абақтысында жатқан Ирина Лапина камера ішінде асылып қалған.
Автор: Диас Нұрақын
18.05.2020
17 жастағы марқұмның денесін абақты күзетшілері 8-мамыр күні тауып алыпты. Бірден жедел-жәрдем, тергеу тобы мен прокуратура қызметкерлері шақырылған. Олар марқұмның денесінде ұрып-соғу белгілері байқалмайды дейді. Алайда Иринамен бірге отырған өзге сотталушылар оның соңғы уақытта қатты күйзелісте болғанын айтыпты. Тіпті өлер күні серуендеуге де шықпаған. Ал барлық камераластары таза ауамен демалуға кеткенде, терезенің темір торына асылып қалыпты.
Ирина Лапина анасына күн көрсетпеген өгей әкесін өлтіргені үшін қаңтарда 9 жылға сотталған болатын.
Павел Кочетков, Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымының БҚО филиалының жетекшісі:
- Соңғы уақытта ол қатты күйзелісте болды. Психологиялық оңалту сеансына бармаған. Сурет салуға да, біреумен тілдесуге де зауқы болмапты. 5-мамыр күні ұнжырғасы түсіп жүрген, ал 8-мамыр күні өзіне қол жұмсады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!