{metadescription}
Елордада жұмысы жанданған нысандардан репортаж
Елордада жұмысы жанданған нысандардан репортаж

Елордада жұмысы жанданған нысандардан репортаж

Астаналықтар бұрынғы өміріне қайта оралып жатыр. Бүгін елордада дәмхана, ашық аспан астындағы мейрамхана, кафелер ашылды. Демалыс орындары қатаң ережелерді сақтай отырып жұмыс істейді, яғни онда 30 адамнан артық қонақ тамақтанбауы тиіс. Күн сайын нысан жұмысын тексеретін мобильді топтар өрескел заңбұзушылық көрсе, бірден жауып тастайды. Қалада мешіттер, балабақшалар да жұмысына кірісті. Талаптары – бір.

Елорданың карантиннен қалай алыстап бара жатқанын тілшіміз тізбектейді.

Дәл бүгінгі күнді елордалықтар асыға күтті. Өйткені 60 күн бойы үйінде қамалып отырған оларға үйдің тамағынан гөрі даланың тамағы тәттірек. Бүгін біз елордадағы ашылған кафелердің бірінде тұрмыз. Ең алдымен, кафеге кірер кезде қолыңды антисептикпен тазалау керек. Кіре сала дене қызуын  температураны өлшейді және отырған кезде міндетті түрде бетперде киіп отыру керек.

Еден жарты сағат сайын дезинфекцияланады. Кассада тұрған қыз-жігіттер де бетперде тағып, қолғап киіп, ара қашықтық ұстауы тиіс. Қолма-қол ақшаны да тек қолғап киген қонақтан қабылдайды. Демалыс орнына әзірге 30 ғана адам кіре алады. Бір үстелде үш адамнан артық отырмауы тиіс. Осынша тәртіп тізбегіне елордалықтар әлі де үйрене алмай жүр.

Гаухар Есікбаева, кафе қызметкері:

Өкінішке қарай, қонақтар арасында медициналық бетперде тақпай келетіндер бар. Тіпті сол кезде біз бетперде берсек, алғысы келмейді. Бір сөзбен айтқанда, қала тұрғындарының жауапкершілігінің жоқтығы қынжылтады. Ондай кезде, амалсыздан, келушілерді шығарамыз. Талап сондай.

Иә, егер талап сақтамаса, дәмханаларға айыппұл салынып, қайтадан есігіне қара құлып салуға тура келеді. Карантин кезінде жеткізу қызметімен ғана күнін көрген орындардың оған барғысы жоқ.

Елордада шіркеулер мен мешіттер де ашылды. Мысалы, мешітке келген әрбір адам 15 минут қана мешітте бола алады. Тағы бір айтып өтерлігі, мешіттер таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Күндіз ашық, түнде жабық болады. Сондықтан әрбір қазақстандық осы жолы Қадір түнін үйінде қарсы алуға міндетті.

Биыл қасиетті Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр. Сол күні бас мүфти онлайн бата беріп, уағыз айтылады. Мешіттерде де ара қашықтық сақтау, бетперде мен қолғап кию сақталады. Бір ескертетіні, әйелдерге мешітте бұрынғыдай бір киетін киім мен орамал берілмейді.

Бақытжан Әскербаев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы:

- Басқа уақытта келетін кезде ұзын көйлегі болмаса, басында орамалы болмаса, мешіт әдебіне сай, мешіт халат ұсынатын. Қазір эпидемиологиялық жағдайға байланысты ол қайшы болып есептеледі. Халат ұсына алмаймыз, оны бір адам киген соң, екінші адам кимеуі керек. 

Мешіттерде тарауық, жұма намазын оқи алмағанмен, бір жарым метр қашықтықты сақтай отырып, жеке құлшылық жасауға, құран оқытуға, неке қидыруға рұқсат. «Әзірет Сұлтан» мешітінен өзге, бас шаһардағы мешіттер де есігін айқара ашты. Бірақ құлшылық ететін ғимараттар жанындағы дәмханалар мен дүкендер жұмыс істеп тұрған жоқ.

Ал балабақшалардың ашылуын жұмыс істейтін көп ата-ана күткен болар. Бүгін ғана ашылған балабақша есігі тарс жабық. Балалар мен сондағы қызметкерлерге қауіп төнбес үшін ешкімді кіргізбейді. Санитарлық норма қатаң сақталған.

Жалпы қала бойынша 55 мыңнан астам бүлдіршін балабақшада тәрбиеленсе, оның бүгін тек 1300-і ғана барған. Ата-аналардан балаларының денсаулығы туралы анықтама сұралған. Бүгін жұмыс істеп тұрған 130 балабақшада бала саны 15-тен аспайтын бір ғана кезекші топ ашылыпты.

Лаура Әлеуханова, Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

Балабақша мен ата-ана арасында ол келісім-шартта белгіленген. Келісім-шартта баланың келу уақытынан бастап, оның тамақтану уақыты, сол аралықта алатын қызметібарлығы толық көрсетіледі. Сондықтан ол жерде нақты белгіленген, қанша күн бала қатынайды, соған сәйкес, баланың ата-анасынан төлем алынады.

Енді екі күннен соң, 20-мамырдан бастап астанамызда сауда-ойын-сауық орталықтары іске қосылады. Алайда ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды.  Ал қоғамдық моншаға баруға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде