{metadescription}
Covid-19 жұқтырғандар саны сақтық сақтамағанның кесірінен өсуде
Covid-19 жұқтырғандар саны сақтық сақтамағанның кесірінен өсуде

Covid-19 жұқтырғандар саны сақтық сақтамағанның кесірінен өсуде

Коронавирус тағы бір адамның өмірін жалмады. Марқұм Алматыдағы атышулы №12 орталық қалалық клиникалық ауруханада жұмыс істеген екен. Covid-19 вирусын жұқтырған 59 жастағы жеделсаты қызметкерінің  жағдайы басқа да аурулары асқынған кезде тіпті нашарлап кетіпті. Әйелдің ажалы дәл осы коронавирустан келгенін Алматының дәрігерлері растады. Ал ауру жұқтырғандар болса, әлі де азамай тұр. Тек соңғы бір тәулікте 283 адамнан індет белгісі табылды.

Коронавирус инфекциясынан көз жұмған әйел емдеу ісіне қатысы жоқ – шаруашылық бөлімде істеген екен. Яғни, лифтер болған. Ал вирус жұқтырғандар жататын палаталарға екінің бірі кіргізіле бермейтіні белгілі. Бірақ, солай бола тұра, індет лифтіде жүрген жұмысшыға дейін жұғыпты.    

Тілеухан Әбілдаев, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Қалалық орталық клиникалық ауруханада шаруашылық бөлімінің қызметкері 16-мамыр күні біздің қалалық инфекциялық ауруханада қайтыс болды. Жалпы барлық емдік шаралар толығымен жасалды. Бұл кісінің бойында басқа да аурулар бар болатын.

«Өліміне басқа да ауруларының асқынуы себеп болуы мүмкін» - дейді мамандар. Алматыдағы дәрігерлік комиссия әйелдің коронавирустан өлгенін тіркеп, министрлікке жіберген. Нақты қорытындыны енді солар шығарады.

Ал ауру жұқтырғандар бойынша бүгін Атырау рекорд жаңартты. Бір тәулікте еліміз бойынша 283 адамнан ауру белгісі анықталса, оның 86-сы – мұнайлы өлкеден. Ауырып қалған 86 адамның 84-і – Теңіз кен орнының жұмысшылары.

Темірбек Мұсағалиев, Атырау облысының бас санитар дәрігері:

- Азаматтартар әрі қарай да бетперде кимей, талаптарға атүсті қарайтын болса, науқастар көбейе  бермек. Статистика осы сақтық шараларын сақтамағандардың кесірінен өсіп отыр.

Теңіз кен орны «қара алтынның» ғана емес, соңғы кездері қауіпті індеттің де ошағына айналған. Осыны естіп, Шымкенттегі мұнай компаниясы да қызметкерлерін жаппай тексерістен өткізген. Сынама нәтижесі кеселдің жылы кеңселерге де жеткенін көрсетті.     

Ербол Садыр, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

- «ПетроҚазақстан» жұмыс жасайтын 96 азаматтан анықталған. Оның ішінде 12 азамат сол жерге қызмет көрсететін кәсіпорындардан анықталған және сонымен қатар сол ошаққа байланысты жақын қарым қатынаста болған 29 адамға байланыста болып отыр.

Қарағандыда сақтық шараларын сақтамағанның кесірінен отағасы төрт баласына ауру жұқтырды. Індет белгісі ең бірінші боп 1 жастағы кенже ұлынан табылған. Кейін тексеріле келе, арасы бір-екі жас басқа бала-шағасынан да дерт белгілері табылды. Десе де, кеселдің жаңа өмірдің алдында дәрменсіз екені тағы бір дәлелденді. Олай дейтініміз, Көкшетауда індетпен ауыратын келіншек салмағы 3 келі 100 грамм дені сау қыз босанды. 

Қалай дегенмен де, ауру жұқтырғандардан гөрі, жазылғандар көп. Мәселен, өткен демалыста қауіпті дерттен 549 адам құлан-таза айығып шыққан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.