{metadescription}
0:000:00
Дональд Трамп ДДҰ-на нақты шара қабылдауға 30 күн уақыт берді

Дональд Трамп ДДҰ-на нақты шара қабылдауға 30 күн уақыт берді

Қарекет болмаса, қаржылай қолдау тоқтатылады. АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына пандемиямен күресте нақты шаралар қабылдауға 30 күн уақыт берді. Егер талап орындалмаса, Ақ үй басшысы ұйымнан бір жолата шығып кетуге дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, осыған дейін Трамп бұл ұйымды «Қытайдың қуыршағы» деп айыптаған болатын.

Жаһанға жайылған жұқпалы дертті ауыздықтау әлі күнге дейін оңай болмай тұр. Осы орайда Дүниежүзілдік денсаулық сақтау ұйымының жұмысына көңілі томайтынын елдер де шыға бастады.

Мәселен, АҚШ президенті Дональд Трамп халықаралық ұйымның басшысына пандемиямен күресте нақты шаралар қабылдауға 30 күн уақыт беріп отыр. Ақ үй басшысы жолдаған хатта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы талапты орындамаса, құрама штаттар тарапынан қаржылай қолдау тоқтатылатыны және ұйымнан бір жолата шығып кететіні жазылған.

Осыған дейін, Трамп аталған халықаралық ұйымды «Қытайдың қуыршағы» деп айыптаған болатын. Мұхиттың арғы бетіндегі эпидемиологиялық ахуал да мәз емес. Сүреңсіз статистикада көш бастап тұрған АҚШ-та қауіпті кесел жұқтырғандар 1 жарым млн адамнан асқан. Ал коронавирус құрбандарының саны 100 мыңға жуықтады. Соған қарамастан ірі қалаларда жұрт қалыпты өмірге қайта оралып жатыр.  

Карантиндік режим жеңілдетіле бастаған елдер де көбейді. Германия мен Франция президенттері Еуропа мемлекеттерін сын сағатында жұдырықтай жұмылып, қиын кезеңді бірге өткеруге шақырды. Олар экономиканың әлеуетін көтеріп, құрдымға кеткен бірқатар саланы қаржыландыруға арнайы қор құруды ұсынды.

Ангела Меркель, Германия канцлері: 

Біз экономиканы бірігіп көтеру керекпіз. Ең алдымен 500 млрд. еуроға арнайы қор құру маңызды. Бұл қаражат шаш етектен шығынға батқан бірқатар аудандар мен салаларға жұмсалады. Осынау қиын-қыстау кезеңде мұндай қадамдар аса қажет. Ал ақшаны Еуропалық Одақтың қазынасынан аламыз. 

Көзге көрінбейтін кеселдің кесірі талай мемлекеттің экономикасын әлсіреткені рас. Соңғы мәліметке сүйенсек, індетке шалдыққандар саны 5 млн. адамға жуықтаса, 300 мыңнан астамы вирустан көз жұмған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.