Қарағандыда жалған ҰҚК полковнигі ұсталды
Қарағандыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалған полковнигі ұсталды. Жол ережесі мен мен карантин режимін бұзған қала тұрғыны тәртіп сақшыларына өзін күштік құрылым офицерімін деп таныстырған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
19.05.2020
- Көзімнен таныдың ба? Танымадың, иә?
- Жоқ.
- Ішкі тергеу бастығының орынбасары.
47 жастағы қала тұрғынын полицейлер жол жүру ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Өзін полковник шеніндегі қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырған азамат өзіне бек сенімді. Дегенмен ол қызметтік куәлігін көрсеткен жоқ. Секем алған полицейлер сол жерге «полковниктің» ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі әріптестерін шақыртқан. Сөйтсе, 47 жастағы қала тұрғыны офицер «образына кірген» азамат боп шықты. Өткен жылы ғана біреуді қылмыстық жазадан құтқарамын деп алдап, аляқтық бабымен сотталған екен. Осы жолы ол карантин режимін бұзғаны үшін 10 тәулікке қамалды. Ал «полковник» үшін кешірім сұрап құтылды.
- Мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері емеспін. Егер біреу-міреуді алдасам, кешірім сұраймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!