{metadescription}
0:000:00
«5-10-20»: Баспана алуға үмітті адамдар санаты жарияланды

«5-10-20»: Баспана алуға үмітті адамдар санаты жарияланды

«5-10-20» бағдарламасы бойынша баспана алуға үмітті адамдар санаты жарияланды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында оларды жіктеп берді. «Егер отбасылық табыс адам басына шаққанда 96 700 теңгеден аспаса, ондай адамдар жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады», - дейді Бейбіт Атамқұлов. Ал табыс көрсеткіші одан әлдеқайда төмен азаматтарға  жалдамалы баспана мен жылдық үстемеақысы 2 пайыздық бағдарлама бар.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-мамыр күнгі үндеуінде айтқан еді. Онда кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешу үшін тұрғын үй несиесімен қамтамасыз етуге арналған «5-10-20» жаңа жобасын іске асыруды тапсырған. Ал оны жүзеге асыруға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» негізінде «Отбасы банкі» құрылатын болды.

Артынша «5-10-20» бағдарламасының негізгі шарттары айтылды. Яғни, оған қатысатын азамат баспанасыз әрі баспана кезегінде тұруы тиіс. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитінде пәтер құнының 10 пайызы көлемінде жинақ болуы қажет. Банк несиесі 5 пайыз үстемақымен өтеледі де, ол 20 жылға есетелетін болды.

Бүгінгі жаңалық бойынша, отбасының табысын әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 31200 теңгеге дейінгілер жалдамалы баспана иеленеді. Ал табысы төменгі күнкөріс деңгейінің 2 есесі, яғни 62400 теңгеге дейінгілер «2-10-20» үлгісіндегі «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысады. Ал табысы төменгі күнкөріс деңгейінің 3 есесі, яғни 96700 теңгеге дейінгілер «5-10-20» бағдарламасына қатыса алады.

Ал отбасылық табыс әрбір мүшесіне шаққанда 96700 теңгеден асып түсетін болса, ол азаматтардың бәрі осыған дейін елге жақсы танылған «7-20-25» бағдарламасына қатысып, екінші деңгейлі банк арқылы үй алуына болады.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- «Отбасы банкі» орталығының басты мақсаты – жұртты бірінші баспанасымен қамтамасыз ету. Сондықтан басында баспанасы жоқ әрбір қазақстандық осы орталыққа барып, өтініш білдіре алады. Ал ол жерде үміткерлер азаматтардың санатына қарай емес, іс жүзіндегі айлық табысы бойынша іріктеледі.

Айта кетерлігі, Үкімет жоспары бойынша биыл елімізде 15 миллион шаршы метр баспана немесе 150 мың пәтер салынуы керек. Бұл тұрғын үй құрылысындағы бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Дегенмен министрліктің мәлімдеуінше, бұл әлі бекітілмеген, жоспар күйіндегі дүние. Бірақ, әзірге ең тиімді жоба да осы болып тұр. Оның үстіне, президент шілдеге дейін жариялауды тапсырғанын ескерсек, осы күйінен өзгеріп кетуі неғайбыл.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде