{metadescription}
Әскердегі жауынгерлер үйіне қайта бастады
Әскердегі жауынгерлер үйіне қайта бастады

Әскердегі жауынгерлер үйіне қайта бастады

Елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты әскери міндетін орындаған қатардағы жауынгерлер үйіне қайта бастады. Олардың арасында Мақаншыдағы №2086 әскери бөлімінің де сарбаздары бар. Мемлекеттік шекараны күзеткен жауынгерлер арнайы әскери эшелонмен туған жерлеріне оралмақ. Қатардағы сарбаздарды қызметтен босату салтанатына тілшіміз де куә болды.

Ұлттық қауіпсіздік шекарадан басталады. Үржар ауданы, Мақаншы ауылында орналасқан №2086 әскери бөлімі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарайды. Бір ғасырлық тарихы бар шекара жасағында әскери борышты өтеу жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді.

Вячеслав Шеляг, Үржар аудандық шекара басқармасының бөлім бастығы:

Коронавирустың таралуына байланысты әскерге қабылдау шаралары уақытша тоқтатылған болатын. Азаматтық борышын өтеген әскерилер мемлекеттік шекараны күзетіп, қызметтерін мүлтіксіз жалғастырды. Карантин мерзімі біткесін оларды қызметтен босату жөнінде шешім қабылданды. Сарбаздарды тәрбиелеп, төтенше жағдай кезінде бізге қолдау білдірген ата-аналарға алғысымыз шексіз.

Әр өңірден келіп, бір үйдің баласындай болып кеткен жауынгерлерде қимастық сезім басым. Әскери казармалар туған үйіндей. Жарты нанды бөлісіп жеген әріптестері бір отбасыға айналғалы қашан. Мақаншыдағы шекарашылар коронавирустың таралуына байланысты әскери парызын соңғы сәтке дейін мінсіз атқарды. Арқадан жүк түскен сарбаздардың жоспары көп. Жетісулық Алмас Омаров келешектегі өмірін шекара заставасымен байланыстыруға ниетті.

Алмас Омаров, №2086 әскери бөлімінің сарбазы:

- Бір  жыл 3 ай қызметімізді атқардық. Соған шыдадық, бәрі жақсы бізде. Мен шекара академиясына тапсырғалы жатырмын. ҰҚҚ академияға тапсырып, сол жақтан әрі қарай өз мамандығымды атқарамын. Негізі, осы жерге қайтадан ВСП-шы болып оралғым келеді.

Иван Гадаев, №2086 әскери бөлімінің сарбазы:

Болашақта кедендік әуежайға аспаз ретінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар. Әскерге шақырылғанға дейін Алматыдағы қонақүйлердің бірінде бас аспаз болғанмын. Осы сәтті пайдаланып бір жыл бойы бізге қару ұстауды үйретіп, төзімділікке баулыған командирлер мен сержанттарға алғыс айтамын.

Қатардағы сарбаздарды қызметтен босату рәсімі әскери бөлімшенің ауласында өтті. Келесі айдан бастап мерзімді әскерге шақыру қайта басталады. Аталған шара Қазақстан аумағында жолаушылар тасымалы толықтай жанданған соң жалғасады деп жоспарланып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.