{metadescription}
Көкшетау: Түйткілі көп «Құлагер» тұрғындары ашуға булығып отыр   
Көкшетау: Түйткілі көп «Құлагер» тұрғындары ашуға булығып отыр   

Көкшетау: Түйткілі көп «Құлагер» тұрғындары ашуға булығып отыр   

«Құлагер ықшамауданында түйткіл шаш етектен» - осылай деген Көкшетау тұрғындары талаптарын айтып, наразылық білдірді. Бұқпа тауының етегіне жеке үйлер тұрғызып, тұрғындар қоныс тебе бастағалы ширек ғасыр өтсе де, жаңбырда саз балшыққа батып, жел тұрса, жарықсыз қалатын олар әкім-қаралардың уәдесіне әбден тойған. Бәрінен бұрын  «Құлагердегі» жаңа мектеп құрылысының төрт жылдан бері аяқталмай тұрғаны жұрттың жанына батады.

- Біз әкімдердің түр-түрін көрдік. Мемлекетке алақан жайып баспана сұрап тұрған жоқпыз, олар тек өз қызметін атқарсын.

Жел тұрған сайын жарықсыз қалу бұл шағын аудан жұртына таңсық емес. Тағы екі күн жарықсыз отырып ашуға булыққан олар бүгін көшеге шықты. Электр қуатының тұрғындарды бұлайша әбігерге салуы тегін болмай шықты. 25 жыл бойы мұндағы электр желісі иесіз болып келген. Жаңбыр жауса тобықтан саз кешетін олар жол мәселесін де айта-айта жауыр қылған. «Сол жолмен күн сайын жүретін балаларға обал болды» - дейді жұрт.

Сауле Қатиева, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Жол да жоқ, батпақпен саз боп, балалар  мектепке барады.Әкімдер неше рет келді. Айтып,айтып кетеді. «Міне, жарты жылда саламыз», қыс бойы мына мектеп салынды. Қақаған аязында салынып тұрды да, жаз шыға сол қалпы тұр.

Құлагер ықшамауданында жаңа мектеп құрылысы 2016 жылы басталған. Мемлекеттен 976 миллион теңге бөлініпті. Бірақ нысан оңайлықпен аяқталар емес.

Мектептің аяқталуын асыға күткен тұрғындар оның әр кірпіші қаланған сайын қуанады екен. Қазір құрылыс жұмыстары мүлдем тоқтап қалған.Балалар  қаланың әр шетіндегі мектептен білім алып жүр. 600 оқушыға шақталған білім ошағы биыл да есігін ашпайтын секілді.

Амангелді Смайылов, Көкшетау қаласының әкімі:

- Құрылыс басталып, біраз жұмыс жүргеннен кейін мердігер компания іргетасын қайта бұзып, қайта көтеруіне тура келді. Техникалық тексерісте қателіктер табылды. Геологиялық зерттеуде қате кеткен сияқты. Қазір аудиторлық тексеріс жүріп жатыр. Құрылыс осы жағдайға байланысты кешікті. Бірақ, жаңа жылға дейін мектепті пайдалануға береміз.

Әкім тұрғындарға негізгі жолдарды жөндеп, тіпті асфальт төсеп беретінін айтты. Электр желісі де балансқа қойылып, ғаламтор да қолжетімді болатын болды. «Жолдарды жөндеген соң қаларалық автобустар жіберіледі» деп уәдені үйіп төкті. Тұрғындар сенер сенбесін білмей тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде