Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзартылды
Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты қайта ұзартылатын болды. Ертеңнен, яғни 21-мамырдан бастап метро, автобус және троллейбустар кешкі 21.00-ге дейін жүреді. Енді тұрғындардың жұмыстан асықпай шығуына болады. Қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы қажет.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
20.05.2020
Әсет Төлеуішов, Алматы қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы:
- Жолаушылардан қоғамдық көліктің қызметімен пайдаланған кезде санитарлық нормаларды сақтануды сұраймыз. Бетперде, әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс. Біз таңертеңгі, кешкі кездерде автобус санын көбейтеміз.
Қауіпсіздік үшін жолаушы саны автобустағы орындық санынан аспағаны абзал. Автопарктер қоғамдық көліктегі орындар бос болмаса, келесісін күтуге кеңес беріп отыр. Күту уақытын қысқарту үшін автобус пен троллейбустардың 90 пайызы жұмысқа шығарылған.
Қауіпсіздік шараларының сақталуына жолаушылардың өзі жауапты. Санитар дәрігерлер мен полицейлер қоғамдық көліктерді жиі тексеретін болады. Бұл уақытқа дейін мегаполистегі метро, автобус және троллейбустардың жүру уақыты 19.00-ге дейін қысқарған еді. Ал қала маңы маршруттарының жұмысын жандандыру әзірге жоспарда жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!