Полиция департаменті блок-бекеттердегі қадағалауды күшейтті
Қайтадан қарбалас. Алматының шығаберіс қақпалары соңғы күндері кептелістен арылмайтын болды. Блок-бекеттерде сағаттап көлігімен кезекте тұрған жүргізушілер қаладағы жұмысына кешігеміз деп күйінеді. Таңғы бесте үйінен шыққандар қызметіне «үлгермейміз» деп шыр-пыр.
Автор: Асқарбек Қазанғап
20.05.2020
Әсіресе таңғы және кешкі уақытта көпшілік әуре-сарсаңға түседі. Төзімі таусылған тұрғындар кептелістің кесірінен межелі жерге кешігетіндеріне наразы. Ал оған себеп – тәртіп сақтамайтын кейбір жүргізушілердің әрлі-берлі жүйткуінде. Қарсы бетке шығып, бәрінен бұрын өтемін дегендердің өрекпуі өзгелердің уақытын алады. Ережені елемейтіндер көбейген соң полиция департаменті блок-бекеттердегі қадағалауды күшейтті.
Қанат Таймерденов, Алматы қалалық ПД бастығы:
- Полиция департаментінің жеке құрамынан 700-ге жуық жұмыскер жұмылдырылған. Ең танымал бағыттағы жолдарда бірнеше күн бойы кептелістер байқалады. Олар ең алдымен карантин режимін босаңсытуға байланысты болып отыр. Карантиннің бітпегені туралы тағы да ескертеміз. Бақылау өткізу пункттерінен тек жедел штаб деректерінің арнайы тізіміне енгізілген азаматтар ғана өте алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!