{metadescription}
0:000:00
Депутаттардың арасында әйелдер мен жастардың үлесі артады

Депутаттардың арасында әйелдер мен жастардың үлесі артады

Парламенттегі депутаттардың жастық және жыныс құрылымына өзгеріс енгізіледі. Халық қалаулыларының арасында әйелдер мен жастардың үлесі артады. Парламент қарауында біраздан бері сөз болып келген заң жобасын бүгін Сенат бірауыздан мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.

Партиялық сайлау тізімдерінде қыз-келіншектер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыру заң жобасында ұсынылып отыр. Жастардың қатарынан депутаттарды сайлауға Төменгі палатаның кейбір мүшелері өмір көрмеген жас өрімнен пайда болмас деп қарсы болған. Бірақ бұған қарамастан, заң Мәжіліс тарапынан мақұлданып, Сенаттың қарауына түсті. Ресми деректер бойынша, елімізде 9 миллионнан астам әйел заты тіркелген. Бүгінде Парламентте 33 әйел еңбектеніп жүрсе, оның 27-сі – Мәжілісте, депутаттардың 26 пайызын құрайды. Жергілікті мәслихаттардағы 3 мыңнан астам орынның тек 740-ы ғана әйел. Ал елдегі 20-29 жас аралығындағы жастар саны – 3 миллион. «Саяси партиялар туралы» заңға сәйкес, енді партияны тіркеу үшін оның құрамында 40 000 емес, 20 000 мүшесі болса жеткілікті.

Мәулен Әшімбаев, Сенат спикері:

- Саяси партияларды құру мен тіркеу талабы едәуір жеңілдетіліп отыр. Партияларды тіркеудің талаптық шегі төмендетілді. Қабылданған заңдар көп партиялы жүйені одан әрі нығайтуға септігі тиері сөзсіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде