{metadescription}
Атырау халқы жоғалған бір жарым жасар сәбиді жанұшыра іздеуде
Атырау халқы жоғалған бір жарым жасар сәбиді жанұшыра іздеуде

Атырау халқы жоғалған бір жарым жасар сәбиді жанұшыра іздеуде

Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалды! Кеше түсте есік алдында ойнап жүрген баладан анасы көз жазып қалған. Содан бері 500-ден астам қала тұрғыны, полиция мен төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның сарбаздары жаппай іздегенімен, әзірге нәтижесі жоқ. Сәбиді іздестіруге шыққан еріктілердің қатарына тілшіміз де қосылды.

Кешеден бері бүкіл жұртты аяғына тік тұрғызған Әли, анасымен қала сыртындағы «Жұлдыз» ықшам ауданында тұрады. Екі жасқа да толмаған, әрі бір аяғын сылтып басатын бала ауласы қоршалмаған үйінің есік алдында ойнап жүріпті. Бала көзден таса болысымен дабыл қағылып, оны іздеуге құзырлы орган өкілдерімен қоса, қала тұрғындары да өз еркімен жұмылды.

Ризабек Әбішев, ерікті:

- Қоқыс контейлерін қарап, зираттарға барып, барлығын толық тексеріп өттік. «Жұлдыз» ықшам ауданына жақын орналасқан аудандарға барып, бар жерді тексердік, әлі де жұмыс жүргізіліп жатыр. Еріктілер жан-жақта. Атырау халқына, жұмылып іздеп жатқанына рақмет! Техникаларын әкеліп, балшыққа төзімді машиналарын әкеліп, ауа райына қарамастан, барлығы күні-түнімен іздестіруде.    

Құзырлы орган өкілдері өз міндеттемелеріне сәйкес әрекет етуде. Тергеушілер мұнда қылмыстың ізі болуы мүмкін екендігін де жасырмайды. Бұл жоғалған баланың жақындарының шамына тиді. 

- Мына телефондағы жігіт қызына да, әпкесіне де жаман сөз айтқан. Кім ол? Сіз қызметкеріңізді неге танымайсыз? Жоқ, сіз кім екен айтпай тұрсыз ғой...

Баланың әкесі отбасынан бөлек, басқа ауданда тұрады. Адам ұрлау фактісі де болуы мүмкін. Сондықтан полицейлер барлық жағдайды жіті тексеруге алған.    

Ерлан Биғамбаев, Атырау қалаық ПБ бастығыының орынбасары: 

- Анасы бұрын отбасын құрмаған, бірақ баланың қазіргі уақытта әкесі жоқ, ол фактіні де қазір тексерілуде. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ.  

Іздеу жұмыстарынан тез нәтиже болмаған соң, жоғалған баланың жақындары құмалақшылар мен сәуегейлерге де жүгініпті.

Нұргүл, Әлидің әжесі:

- Көріпкелдердің бәрі айтады: «Аман келеді» деп. Біреу айтады: «Машинаға салып алып кетті, ұстап» - дейді. Бір Аллаға сыйынып отырмын енді. Аман табылса екен.

Кеше түстен кейін басталған іздестіру шаралары екі тәулік бойына жауын-шашынға қарамастан тоқтаған жоқ. Зираттар мен иесіз ғимараттар, Жайық өзенінің жағалауы мен егістік алқаптары – 7-10 шарықырымға дейін сүзгіден өтті. Өкінішке қарай әлі еш нәтиже жоқ. Соған қарамастан құтқарушылар іздестіру жұмысын жалғастырмақ ниетте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.