{metadescription}
Армениядан әкелінген көліктер: Кім тіркей алады және қайта сатуға бола ма?
Армениядан әкелінген көліктер: Кім тіркей алады және қайта сатуға бола ма?

Армениядан әкелінген көліктер: Кім тіркей алады және қайта сатуға бола ма?

Жүргізушілердің базынасы ескерілді. Қазақстанда шу болған Армениядан келген көліктердің уақытша тіркеуге тұруына рұқсат берілді. Сондай-ақ, қосымша салықтар салынбайтын болды. Бірақ бұл жеңілдіктер бәріне бірдей емес. Кімдер шетелдік темір тұлпарын тіркей алады? Оны қайта сатуға бола ма?

Былтыр Арменияға сабылған көштің ортасында қарағандылық Василий Климов та болды. Арзанға алған көлігінің қуанышы ұзаққа созылмады. Тіркеудің шуы шыққанда, ол секілді жүргізушілер жиылып, «шығынсыз тіркелсін» деген талаптарын айтқан болатын. Бүгінгі өзгеріс сол табандылықтың жемісі деген пікірде.

Василий Климов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Бұл азаматтық қоғамның жеңісі. Дегенмен Ішкі істер министрлігі әлі де түсіндіруі тиіс мәселелері бар. Көп жүргізушілер сақтандыру полисімен жүр. Ал оны қалай тіркеуге қояды? Бұл жерде Арменияның көліктерін Қазақстанда сатып алғандардың да базынасын ескеру керек деп есептеймін.

Сайып келгенде 1-ақпанға дейін Қазақстан аумағына кірген Армения көліктері тіркеуге тұруға құқылы. 1-қыркүйекке дейін оларды рәсімдеу шаралары өтеді. Әу баста айтылған миллиондаған төлем жоқ. Жалпы сомасы 11 946 теңгені төлесе жеткілікті. Бірақ, бір гәп бар. Қайта сата алмайды.

Жандос Мұратәлиев, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Техпаспортта жазылады. Басқа азаматтарға сатуға болмайды деген. Бізде сақтандыру полисіне ешкім тыйым салған жоқ. Сондықтан сақтандыру полисімен басқа бір азаматтар жүре алады. Бірақ сата алмайды, өзінің атынан есептен шығара алмайды.

Уақытша тіркеу деп айтқанмен, нақты уақыт шектеуі көрсетілмеген. Қаңқасы қалып тозғанша, қалауынша, әркім айдауға құқылы. Ал армениялық темір тұлпарды мұнда сақтандыру полисімен сатып алып, басы қатқандардың бір ғана амалы бар – көлікті Армениядан тіркеуден шығарып, осында қайта рәсімдеу.

Қазақстанда Армениядан келген көлік саны 36 мыңнан асып жығылады. Министрлік мақұлдайтын тізімге тек рөлі сол жағында орналасқан темір тұлпарлар кіреді. Олардың нөмірі сары болады. Ал 1-ақпаннан бері қарай ел аумағына кіргендерге бұл жеңілдіктің қатысы жоқ. Қалай дегенмен, бұл жолы билік бұқарамен санасты. Қатқан тәртіпті бір жолға жеңілдетті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде