Елордада есірткі дайындайтын жасырын зертхана табылды
Ұлттық қауіпсіздік қызметі елордада тағы да есірткі дайындайтын жасырын зертхананың жолын кесті. Бұл жолғы күдіктілер синтетикалық есірткіні жалға алынған гаражда жасап келген.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
22.05.2020
Зертхананы тінткенде есірткі өндіруге арналған ыдыстар, синтетикалық ерітінді, үш келі дайын өнім табылған. Сарапшылардың есептеуінше, оның қара нарықтағы құны 60 миллион теңге. Қолға түскен азамат Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аркен Әбдуғали, ҚР ҰҚК ресми өкілі:
- Ұсталған азамат есірткілерді белгілі бір орындарға тығып саудалаған. Жасырылған жерлерді тінткен кезде 3 келі есірткі, 70 литр прекурсор және түрлі психотропты қоспалар анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!