{metadescription}
ТЖ кезінде саунаға түскен Шардара әкімінің іс-әрекетіне баға берілді 
ТЖ кезінде саунаға түскен Шардара әкімінің іс-әрекетіне баға берілді 

ТЖ кезінде саунаға түскен Шардара әкімінің іс-әрекетіне баға берілді 

Қымбатқа түскен монша! Төтенше жағдай кезінде қарамағындағы қызметкерлермен бірге моншаға түскен Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі мен қызметкерлерін «Әдеп кеңесі жазалау керек» деп шешті. Қайрат Жолдыбайға ескерту жасауды, ал қарамағындағыларға қатаң сөгіс беруді ұсынып отыр.

- Шардара ауданының әкімі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның төрағасы бола тұра, өзіне бағынышты мемлекеттік қызметшілермен бірге төтенше жағдай режимі кезінде моншада болып,  іс-әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болған.

Аудан әкіміне қатысты шешімді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қабылдайды. Ал оның қарамағындағы қос шендінің жазасы қызметтік көлікпен барғаны үшін қатаң болу керек екен. Әйтсе де бұларға қатысты шешімді моншада бірге болған әкімнің өзі қабылдауы тиіс. Шардара ауданы әкімі Қайрат Жолдыбай мен лауазымды шенеуніктердің моншада отырған видеосы мамыр айының басында жарияланған. Жұрт пандемиядан оқшауланып жатқанда, шенеуніктер моншаға қызметтік көлігімен барған. Маска , шалбары да жоқ үшеуді саунаға сау етіп кірген бір топ полицей түсіріп алса да, не хаттама толтыра алмай, не бірден шығып кете алмай, біраз қипақтаған еді. Ал жарты ай өткен соң, Әдеп кеңесі әкімнің іс-әрекетін «әдепсіздік» деп бағалап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде