Ұйымдасқан қылмыстық топ бюджеттің 1 миллиард 800 миллионын жымқырған
Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері ұйымдасып қылмыстық топ құрған. Келтірген шығындары да орасан.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
22.05.2020
Экономикалық тергеу департаменті ел астанасындағы коммуналдық кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жайлы мәліметті жария етті. «Қазына» жедел алдын алу шарасының аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың 1 миллиард 800 миллион теңгені жымқырғаны әшкереленген. Ал жылмысқы әрекеттерін 7 жыл бойы жалғастырыпты. Яғни 2012-2019 жылдар аралығында бюджет қаржысын талан-таражға салған. Жымқырған қаржыны заң бойынша рәсімдеп, айналымға жіберіп үлгерген екен. Бірақ қалған деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша жарияланбайтын болып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті:
- Қылмыстық кодекстің «Аса ірі көлемде қаржы жымқыру», «Қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру», сондай-ақ «Қылмыстық топ құру және басқару» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!