{metadescription}
Covid-19: Жолаушылар тасымалы мен сауда орындары жаппай тексеріліп, жазаға тартылады
Covid-19: Жолаушылар тасымалы мен сауда орындары жаппай тексеріліп, жазаға тартылады

Covid-19: Жолаушылар тасымалы мен сауда орындары жаппай тексеріліп, жазаға тартылады

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны 455-ке жетті. Соңғы тәулікте кесел анықталған 155 адамның 133 –і – «Нұрқазған» кен орнының жұмысшылары. Дерт дендей берсе, өңірде карантин тәртібін қайта күшейту мәселесі қаралуы мүмкін. Ал қалған аймақтарда өсім байқалмайды. Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында кесел жұқтырған бір адам жоқ. Сонықтан көптеген облыстар карантин режимін босаңсытып, қалыпты өмірге біртіндеп көшіп жатыр. 

Ал елімізде ауру жұқтырғандар саны 7 жарым мыңнан асып жығылды.

Нұр-Сұлтанда кесел жұқтырудың деңгейі 4 пайыздан аспаған. Сондықтан тіршілік те қалыпты күйбеңіне түсіп келеді. Бір аптадан кейін барлық балабақша мен мектепке дайындық топтары ашылмақ.  

Шолпан Қадырова, Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы:

- Бүгінгі күні балабақшаларда балалар саны 4134. Бұл 7,4 пайызды құрайды. 1-маусымнан бастап барлық балабақша және қосымша білім беру ұйымдары жұмысын штатты режимде қайта бастауды жоспарлауда. 

Алматыда 35 адамнан қауіпті індет анықталғаны төмен көрсеткіш саналды. Әйтсе де карантин режимі жеңілдеген бұл қалада ірі сауда орындары мен ұсақ азық-түлік базарларында сантиарлық талапты бұзу көптеп тіркеліп жатыр. Сондықтан қадағалау күшейтілетін болды.

Шымкентте кесел анықталғандардың көбі күдікке ілініп провизорлық орталықта жатқандар, қалғаны ауру белгілері білінбей жүргендермен қарым-қатынаста болған екен.

Лаура Нахыпқызы, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

31 Шымкент қаласы тұрғыныннан ковид-19 диагнозы нақтыланды. Оның ішінде 14-і науқастаспен жақын қарым-қатынаста болған. Бес азамат жедел респираторлы инфекция диагнозымен ауруханаға жатқызылған. 12 адамнан скрининг тексерісі нәтижесінде инфекция анықталды.  

Қарағандыда кейінгі күндері «Нұрқазған» кен орны аурудың ірі ошағына айналып шыға келді. Бұл жерде ауру алғаш рет 6-мамырда тіркелген болатын. Кеше кеніштегі 35 адамнан анықталса, бүгін адам шошырлық. Сондықтан кен орны жабылып, 1000-нан аса жұмысшы тексеруден өткен.

Айгүл Шәтекова, Қарағанды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің өкілі:

- «Нұрқазған» кенішінде 133 жағдай тіркелді. Оның ішінде Теміртау қаласында тұратындары 41 пайыз, яғни 54 оқиға. Қарағанды қаласында 48 пайызды құрайды. 65 оқиға. Бұқар жырау ауданында 11 пайыз. 14 оқиға. Олармен байланыста болған адамдар саны 1515 адам.

Ал осы 1515-тің байланысты болған адамы мыңдап саналады. Қазір санитар дәрігерлер солардың барлығын анықтап, бақылауға алумен сабылып жүр. Өйтпеске тағы болмайды, себебі, кесел анықталған бір кенші Жезқазғанға қонаққа барып, түстенген үйіндегі 9 адамға ауру жұқтырып келген.  

Дегенмен кешеден бері 155 адамнан кеселдің анықталуы карантин режимін күшейтуге жол ашпайды дейді.  Өткені ауру жұқтырғандардың көбі кен орны жұмыскерлері. Қоғамдық көлік қатынасы да тоқтамайды. Бірақ мамандар автобустар мен қоғамдық орындарда жұрттың санитарлық талапты ұмытып бара жатқанын қынжыла айтады. Сондықтан енді жолаушылар тасымалы мен сауда орындарын жаппай тексеріп, жазаға тартуды бастаймыз деп отыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде