Гонконгте Қытай заңына қарсы ереуілдер өтуде
Гонконг халқы Қытай заңына қарсылық ретінде ереуілге шықты. Жүздеген азамат ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы құжаттың қабылдануына қарсы.
25.05.2020
Өйткені бұл заң күшіне енсе, Азиядағы ең ірі қаржы орталығы Қытайдың уысында болады. Яғни, ресми Бейжің автономиялық елде өз заңдарын орнатып, құзырлы орган өкілдіктерін ашуына мүмкіндігі бар. Бірақ Қытайдың бұл жоспарын әлемнің 200-ге тарта саясаткері сынға алды. Ал АҚШ билігі егер жаңа заң жүзеге асатын болса, Қытайға санкция саламыз деп сес көрсетті. Бейжің болса, Американың әрекетін ішкі саясатқа араласу ретінде бағалап, жаңа заң лаңкестік мен мемлекетке қарсы төңкерістің алдын алу үшін қажет дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!