{metadescription}
Шомылу маусымы басталмай жатып 9 адам суға кетті
Шомылу маусымы басталмай жатып 9 адам суға кетті

Шомылу маусымы басталмай жатып 9 адам суға кетті

Ел астанасындағы аптап ыстықтан сая іздегендер жағажайлар мен субұрқақтарға лап берді. Бірақ елде әлі шомылу маусымы басталған жоқ. Судан сая іздегендер арасында сақтық шараларын ұмытып, ажал құшқандары да бар. Мәселен, өткен демалыс күндері ғана елде 9 адам суға кеткен.

Соңғы күндері елордада күн шақырайып тұр. Ми қайнатар ыстықтан Есілдің жағалауында кеудесін күнге тосқандар мен шомылушылардың қарасы көбейген. Тіпті қала ішіндегі субұрқақтарда ойын баласы салқындап жүр. Құтқарушылар осы шақта барша тұрғындарға сақ болуға шақырады. Жыл басынан бері 48 адам суға кетсе, соның 16-сы – балалар. Ал шомылу маусымы ел бойынша маусымның 1-нен басталуы мүмкін. Кей өңірлер суға түсу маусымын ашуды келесі айдың 10-на белгілеп отыр. Карантин кезіндегі жағажайлардағы тәртіпті әр облыс өздері бекітеді.  Жалпы жылына 400-600 адам ажалын судан табады. Былтыр суға түсу маусымында 268 адам көз жұмса, соның 87-сі балалар.  

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Суға кетіп көз жұмғандардың басым көпшілігі қарапайым сақтық ережесін естен шығарған. Мәселен, өзенге батқан 7 адамның барлығы ішімдік ішкен. Дәрігерлер де, біз де мас күйінде суға түсуге болмайтынын ылғи ескертеміз, оны елейтіндер мүлдем жоқ деуге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде