{metadescription}
Дауға ұласқан демалыс: Көкжайлауда сауық құрғандар заң алдында жауап береді
Дауға ұласқан демалыс: Көкжайлауда сауық құрғандар заң алдында жауап береді

Дауға ұласқан демалыс: Көкжайлауда сауық құрғандар заң алдында жауап береді

Карантинге қарамай қыдырғандар! Бір топ алматылық осы демалыста Көкжайлау шатқалында сауық салған. От жаққан, тіптен кинотеатр ұйымдастырыпты. Сөйтіп артынан қалған қоқысты жинамай, шашып кеткен. Тұрғындардың бұл әрекетін «мәдениетсіздік» деген экобелсенділер енді оларды жазаға тартуды талап етіп отыр. Өйткені карантин түгілі басқа күні де көлікпен өтуге тыйым салынған Ұлттық парк аумағына машиналарымен еркін жүргендер бар.

Ал осы шараға мұрындық болғандар «еш кінәміз жоқ» деп ақталады. Дауға ұласқан демалыс жайында.  

- Махабаттың құдірет күші әлдилеп, екі жастың табыстырған жүрегін...

Тау баурайы, түн құшағындағы жалынды би. Алаулаған от. Шат көңіл. Көк жайлауда жағасын жайлауға жібергендер әлеуметтік желіге бұл желіктерін жарыса жүктеп жатты. Карантин дегенді атымен естімегендей. Табиғат аясында кино көріп, қызыққа қарқ болған. Сауығын қызғанды демеңіз. Дегенмен ішкен-жегенінен қалған қоқысын жинамай кеткендердің әрекеті еш мәдениттеліктің шеңберіне сыймайды.

Бұл видеоның авторы Нұрбол Нұралин – өзі шашпаса да, қыдырған топтың қоқысын жинағандардың бірі. Тіптен дәретханаға баруға ерінгендер отырған жерін лаңдап кеткен.

Нұрбол Нұралин, экобелсенді:

- Палатканың жанында үлкен дәретке барған ғой, соның қасында дәретхана қағазын қалдырған. Туристер күндіз көтерілгенде оны жолдың бойында бәрі көрді.  

Атышулы кешті таудағы демалысқа қажет заттарды жалға беретін орталықтың бірі ұйымдастырған. «Қоқысты біз шашпадық» деп, жауапкершіліктен ат-тонын ала қашып отыр. «Карантин кезінде мұндай шара ұйымдастыруға болмайтынын білмедік» - деп ақталды.

Мәди Назар, сатушы:

- Ол уақытта тауға шығып... тап солай болатынын ойламадық. Оның алдында да біз басқа адамдардың тауға шығып жүрген көргенбіз. Демалуға болады деп ойладық. Өйткені біз көп адам жиналатынын білмедік.   

Көкжайлауға көлікпен апаратын жол – біреу. Іле-Алатау паркі арқылы өтеді. Бұл жақ қазір карантинге байланысты жабық. Алайда кешегі сауық құрғандардың ол жаққа қалайша темір тұлпарларымен сау етіп өтіп кеткені бәріне жұмбақ.

Бұл жұмбақтың шешімін табуға экобекетке келдік. Іле-Алатау паркінің қызметкерлері де таң қалған сыңай танытты.

Көкжайлауға жүретін жол осы ғой, дұрыс па?

Осы, осы.

- Көліктер сонда қалай өтуі мүмкін?

- Оны мен білмеймін. Біз ешкімді өткізбейміз.

Іле-шала, Іле-Алатау паркінің инспекторлары табиғатты қорғау нормасын бұзған джиптің қожайынына «277 800 теңге айыппұл салды» деген ақпарат шықты. Соған қарағанда «көрінбей» өткен көліктерді анықтауға кіріскендей. Полиция департаменті де Көкжайлаудағы сауықты тексере бастаған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Біз бұл жайтты әлеуметтік желілерден енді біліп, міндетті түрде заң аясында шара қабылдаймыз. Қоқыс тастаған және карантин кезінде осынша жұртты жинағаны үшін міндетті түрде ол азаматтар заң алдында жауап береді.

«Қоқысты шашпадық» дегенмен, бұл кешті ұйымдастырушылар Көкжайлауда тазалық сағатын өткіземіз деп белсеніп отыр. Бірақ кінәсі дәлелденсе, кеш жасалған жақсылығы ешкімді жауапкершіліктен құтқармас.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.