ШҚО-да жетім бұлан хайуанаттар бағына аманат етіп тапсырылды
Шығыс Қазақстан облысында хайуанаттар бағы жетім бұланды асырап алды. Жабайы жануар аштан-аш тас жолдың бойында жатқан.
Автор: Аруна Ортай
26.05.2020
Орнынан қозғала алмай қиналған бұланның төлін жергілікті тұрғындар тауып алыпты. Жанашыр жандар жануарларды табиғат қорғаушыларға тапсырған. Төңіректі тексерген жедел топ көп ұзамай бұланның енесін тауып алды. Бірақ, тек өлексесін ғана. Белгілі болғандай, бұланды көліктердің бірі қағып кетіпті. Жалғыз қалған төл небәрі бір айлық екен. Яғни, сүтпен ғана тамақтанады. Табиғат қорғаушылары Ұмыш өткелінде табылған бұланға сол жердің атын беріп, жергілікті хайуанаттар бағына аманат етіп тапсырды.
Бауыржан Қажытаев, хайуанаттар бағының меңгерушісі:
- Енді өзіміз қолдан тамақтандырып, сүтін береміз. Және бұл бұланның төлі өте сезімтал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!