{metadescription}
Face Pay – елорда қоғамдық көліктеріндегі жолақы төлемінің жаңа түрі
Face Pay – елорда қоғамдық көліктеріндегі жолақы төлемінің жаңа түрі

Face Pay – елорда қоғамдық көліктеріндегі жолақы төлемінің жаңа түрі

Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақы төлемінің жаңа түрі пайда болады. Қала басшылығы Face Pay деп аталатын жүйені қазір пилоттық жоба ретінде қолға алып жатыр. Ол адамдардың қарым-қатынасын барынша болдырмау үшін қолданылмақ.

Себебі, қалада коронавирустың таралуы бақылауға алынса да, қауіп сол күйі сейілген жоқ. Әрі вирус жас талғамайды. Қаладағы COVID-19 жұқтырғандардың 40 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар екен. Тағы 35 пайызы 30-50 аралығындағы орта жастағылар. Жаңа пилоттық жоба іске асатын болса, автобусқа кірген жолаушынының бет-әлпетін камералар танып алады да, жолақы оның есепшотынан автоматты түрде алынады. Ол кезде жолақыны картамен төлеудің де керегі болмай қалады. Дегенмен бұл әлі жоспар күйіндегі дүние. Ал жағдай қазіргідей бақылаудан шығып кетпейтін болса, қала маңындағы уаылдарға да автобус қатынай бастауы мүмкін.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі: 

- О баста қаланың карантин аумағын бекітерде маңындағы ауылдарды да қоса алдық. Себебі, олар заң тұрғысынан облысқа қарағанымен, тіршілігі қаламен біте қайнасып жатқандықтан, оларды да карантин аумағына кіргіздік. Егер пандемия жағдайы қазіргідей тұрақты болып тұрса, маусым айынан бастап ол ауылдарға қоғамдық көлік қатынай бастайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде