{metadescription}
Асқар Мәмин: Қазақстан әлемнің азық-түлік хабына айналады
Асқар Мәмин: Қазақстан әлемнің азық-түлік хабына айналады

Асқар Мәмин: Қазақстан әлемнің азық-түлік хабына айналады

Қазақстан әлемнің азық-түлік хабына айналады. Премьер-министр Асқар Мәминнің айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мүмкіндігі АҚШ, Австралия, Бразилия және Аргентина сынды мемлекеттерден кем түспейді екен.

«Қазақстан осы алпауыттарды қуып жетуі тиіс», - дейді Үкімет басшысы. Мысалы, Түркістан облысында 4 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін 3 есеге арттыру бойынша кешенді жоспар бар. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 22 жарым миллион гектар жерге егу жоспарланған. Оңтүстіктегі облыстарда, сондай-ақ Ақтөбе және Атырау облыстарында егіс жұмыстары аяқталуға таяп қалды. Биыл жақсы өнім алу үшін ауа райы қолайлы болады деген болжам бар. Оған қоса, заманауи суару технологияларын пайдалана отырып, суармалы егістіктерді кеңейтуге, егін көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылмақ. Бұл дайын өнім өндірісін арттырады екен.

Асқар Мәмин, ҚР премьер-министрі:

БҰҰ-ның жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы FAO болжамы бойынша Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы әлеуеті жоғары АҚШ, Австралия, Бразилия және Аргентина мемлекеттерінің қатарында және әлемдік азық-түлік хабына айналуына нақты мүмкіндігі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.