Қоқыс таситын көліктер чиптелетін болды
Қоқыс таситын көліктер енді қатаң қадағаланады. Олардың жұмысын жіті бақылауда ұстау үшін арнайы чип орнатпақ. Бұл Экология министрлігінің бастамасы. Сонымен қатар, қоқысты өңдейтін компаниялардың жұмысын лицензииядан өткізу арқылы ғана мақұлдау жоспарланып отыр. «Сайып келгенде, бұл қадамдардың бәрі қоршаған ортаны мейлінше таза ұстауға бағытталған», - дейді құзырлы министрліктегілер.
Автор: Асқарбек Қазанғап
26.05.2020
Зулфухар Жолдасов, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:
- Біздің пайымдауымызша, қоқыс таситын компаниялар тек ескертумен және рұқсатпен жұмыс істеуі тиіс. Қазір кез келген жүк көлігі бар адам «қоқыс алып кетемін» деп жарнама бере алады. Мәселен, көбі құрылыс қалдықтарын тәртіп бойынша 20 мың теңге төлеп, полигонға апарудың орнына айдалаға төгіп кетеді. Сол үшін қоқыс таситын көліктерді чиптеуді жоспарлап отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!