Тұңғыш Президент қоры: Сандық жүйеге көшудің артықшылығы
Білім беруді цифрландыру ісі биыл жүзеге асырылып жатыр. Осы орайда онлайн форматта өткізілген алқа жиынға еліміздің 200-ден аса жас ғалымдары мен педагогтары қатысты. Олар киберпедагогика тақырыбын талқылады. Бұл шараны Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған.
Автор: Салтанат Шырынхан
27.05.2020
Онлайн жиында дәстүрлі педагогикадан сандық жүйеге көшудің артықшылығы жайында айтылды. Елімізде цифрландыруға көшу бұрыннан көзделіп, осы уақытқа дейін созылып келді. Ал әлемді жайлаған пандемия бұл істің жедел жүзеге асуына әсер етті. Осы орайда талқыланған тақырыпта қашықтан оқудың тағы бір ерекшелігі аталып өтті. Яғни өздері көріп отырғандай әлемнің түкпір-түкпіріндегі мықты мамандармен онлайн тілдесіп, байланыс орнатып, тәжірибе алмаса алады. Заманауи педагогиканы дамытуға арналған іс-шараға еліміздегі жас ғалымдар, зерттеушілер, педагогтармен қатар Ресейден де профессорлар тартылған.
Ермек Тоқтаров, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Ғылыми кеңес мүшесі
- Бұл тақырып өте өзекті. Жан-жақты әртүрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Білім беру жүйесінің цифрландыруының нәтижелері, сол жөніндегі киберпедагогика, яғни ақпараттық технологияларды қолданып, сабақ берудің методикаларын дамыту, оларды қарастыру, пікір алмастыру және және тәжірибе алмасу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!