{metadescription}
Алматыда карантинге жабық тұрған қонақ үй өртенді
Алматыда карантинге жабық тұрған қонақ үй өртенді

Алматыда карантинге жабық тұрған қонақ үй өртенді

Алматыда 4 адам алапат өрттен құтқарылды. Қызыл жалын қонақ үйлердің бірінен шыққан. Карантинге жабық ғимараттың жануына не себеп болғанын өрт сөндірушілердің өздері анық білмей отыр.   

Қонақ үйдің лапылдап өртеніп жатқанын қарама-қарсы беттегі дүкенші көріп қалып, өрт сөндірушілерді шақыртқан. Жедел топ небәрі жеті минутта жетіп келді. Ішінде саунасы мен мейрамханасы бар үш қабатты қонақ үйдің өзі карантинге жабық. Десе де, өрт сөндірушілер ішінен 4 адамды алып шықты. Олардың онда қалай қалып қойғаны белгісіз. Қонақ үйдің қызметкері ме, әлде клиенті ме, ол жағы да айтылмады. Ал өрт меймандардың жатып тынығуына арналған үшінші қабаттағы бөлмелердің бірінен шыққан.

Ерлан Әлібеков, Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

- Жанында тұрған ғимараттарға өрттің өту қаупі жоқ. 4 адам осы қрнақ үйден құтқарылды. Жалпы 55 адам, 16 техника жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.