{metadescription}
0:000:00
Алматы-рейд: Қымбат мейрамханалар да санитарлық талапқа сай емес

Алматы-рейд: Қымбат мейрамханалар да санитарлық талапқа сай емес

Алматыда дәмханалар мен асханалар ғана емес, қымбат мейрамханалар да санитарлық талаптарға сай келмейтін боп шықты. Дәмі тіл үйірер шетелдің түр-түрлі тағамдарын ұсынған сондай мейрамханалардың бірі бүгін жабылып тынды. Ашылғанына небәрі екінші күн болған нысан қолданылған бетперделер мен қолғаптарды тағам қалдықтарымен бірге қоқыс жәшігіне тастаған екен. Шенеуніктер әй-шайға қарамастан мейрамхана есігін жапқызды.

Қаланың қақ ортасында орналасқан бұл италиялық ресторанға жақындағаннан-ақ сілекей шұбырады. Ыстық пицца мен қызанақ қосылған ризоттаның иісі маңайға тарап, көптің сілекейін шұбыртқан. Алайда қолтығына папкі қысқан тексеруші топ тамақ емес, кіре бергеннен антисептик сұрады.    

Антисептик?! Антисептик бізде бар! Қол жуатын жерде міндетті түрде!  

Осылайша тексеріс мейрамхананың төрінен емес, дәретханасынан басталды. Бұрыш-бұрышты тінтіген тексерушілер мұнда айтпай келген. Сондықтан болар, мейрамхана қожайыны біраз сасқалақтап, санитарлық талаптардың сақталғанын айтып сендірді. Десе де, келген комиссия кәсіпкерге сенбей, залалсыздандырғыш заттарды қолына жағып, тіпті иісіне дейін иіскеп көрді. Одан қалды, даяшыларды тізіп қойып, сұрақтың астына алды.

- Сәлеметсіздер ме. Жиі ауыстырасыздар ма?

- Үш сағат сайын.

- Үш сағат сайын ба? Сіздерге кім береді?  

 Тіпті медициналық білімі жоқ бармендерге дейін дене қызуын өлшетіп, «емтихан» тапсыртқызды.

- Біз дене қызуын өлшейміз.

- Қалыптысы қандай, өлшеп көресіз бе?

- Иә.

- Жоқ, менікі.

- Сіздің бе?

- Иә.

- 36,6.

- Болды, жақсы.

Мейрамханалар тура дәріханаға айналғандай. Себебі, үстел үстінде буы бұрқыраған ыстық тамақтан бұрын, бума-бума бетперде тұр. Тексерушілердің бір тобы дәретханаларды қарап жатқанда, енді бірі арақ-шарап толы бардағы санитарлық талаптардың сақталғанын тексерді. Шенеуніктер тіпті қоқыстың аузын ашып көрді. Сөйтсек, бекер емес екен. Себебі, кейбір пысықайлар тамақ қалдықтарын тастайтын жәшікке қолданылған бетперделерді де лақтыратын боп шықты. Олар сол күні жабылып тынды.

- Барлық талапты сақтауларыңыз керек. Сосын ғана барып ашылу мәселесін қараймыз, жақсы ма? Тап қазір барлығы жұмыс орнынан кетсін. Нысан жабылады!   

Бұл дәмхана клиенттеріне арнап кіре берісіне «Біз сіздерді сағындық» деген жазба да іліпті. Бірақ, «сағыншын» сол күйі баса алмай кетті. Жалпы, бүгінге дейін Алматыда мыңнан аса нысан тексеріліпті. «Санитарлық талапты сақтамағандары некен-саяқ», - дейді мамандар. Айыппұл төлегісі келмегендері залалсыздандырғыш заттарды литрлеп сатып алып қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде