{metadescription}
0:000:00
Covid-19: Індет ауылдарға да ауыз сала бастады – елдегі ахуал  

Covid-19: Індет ауылдарға да ауыз сала бастады – елдегі ахуал  

КОВИД-19 ең көп тіркелген Алматыда науқастардың 55 пайызы жазылып шыққан. Ал Алматы облысында 89 жастағы әжей коронавирустан құлан-таза айығыпты. Дегенмен ауру әлі айылын жияр емес. Елімізде бұл дертке шалдыққандардың саны тоғыз жарым мыңға жуықтап қалды. Ал Нұр-Сұлтанда бірнеше күн бұрын ашылған нысандардың көбі санитарлық талапты сақтамағандықтан, қайтадан жабылып жатыр. Кейбір карантинге алынған подъезде азық-түлікке қол жеткізе алмай отырғандар бар.

Алматының Ақсай ықшам ауданындағы үйдің тұрғындары ышқынып тұр. Себеп: өткен жұма еш ескертусіз үйді толықтай карантинге жапқан. Абыр-сабырда ешкімге ешнәрсе түсіндірмеген. «Тіпті азық-түлікті қалай алдырарымызды білмей қалдық» - дейді.

Гүлвира Ақпаева, Алматы қаласының тұрғыны:

Бір-бірімізден сұрап алып жатырмыз. Тіпті кейбіреулерінің азығы мүлдем таусылған. Суымыз да жоқ. Бізді не үшін жапқанын... барлығының  жұмыстары бар.

Ал Мұнайлы өлке – Атырау облысында індет ауылдарға да ауыз сала бастады. Коронавирус кенішке көршілес Жылыой және Мақат аудандарында таралған. Сол себепті бұл аумақта карантиндік режим күшейтілді. Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың 90 пайызы – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Бір тәулікте аймақта тағы 21 науқас тіркелді. Егер науқастардың саны артуын тоқтатпаса, онда карантиндік режим келер айдың аяғына дейін созылуы мүмкін.

Амантай Жұмағалиев, Атырау облыстық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:  

Бізде Мақат ауданының Мақат ауылында, Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен Майкөмген селосында аурушаңдықтар тіркелді. Соған байланысты Атырау облысындағы шектеу шараларын күшейтумен қатар, Мақат ауданының Мақат ауылында, Жылыой ауданында карантиндік режим енгізіліп, қазір сақтық шаралары күшейтілген. Инкубациялық мерзім 14 күнге дейін созылады.

Жамбыл облысында соңғы тәулікте тағы 15 адамның дертке шалдыққаны анықталды. Оның төртеуі – бір отбасының мүшелері. Екеуі кәмелетке толмаған балалар. Олар ковид-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көп тұрғынның сақтық шараларына немқұрайлы қарайтынын айтты. «Тәртіпке бағынғанда ғана кесел іргесін алыс салып, карантин сонда ғана алынады» - деді.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- Барлық нәрсе барлығымызға байланысты. Егер біз бірігіп, санитарлық талапты, берілген тапсырмаларды, қабылданған іс-шараларды дер кезінде сапалы орындайтын болсақ, онда тезірек карантиннен де, індеттен де құтыламыз.

Шығыс Қазақстан облысы ауру тез өршіп бара жатқан аймақтың тізімін бастады. Мұнда статистика бір күнде 10 пайызға артқан. Бүгін инфекцияны тағы жеті адамның жұқтырғаны белгілі болды.

Алматы облысында коронавирустан айыққан 89 жастағы әже.

Сексен тоғыздамын. Жақсы болды, шығып жатырмын.

Соңғы дерек бойынша тоғыз жарым мыңға жуық науқастың тең жартысы – жазылған. Өкінішке қарай, бүгінге дейін 37 науқас көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде