Оралда коронавируспен ауырған қызметкер барлық мекемелерді аралап шыққан
Оралдағы балабақшаларға коронавирус тексерушілерден келуі мүмкін. Өңірдің бас санитар дәрігері жақында мектепке дейінгі мекемелердің санитарлық жағдайын бақылаған білім бөлімінің бір қызметкері COVID-19 вирусын тасымалдаушы болғанын хабарлады.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
27.05.2020
Мұхамғали Арыспаев, БҚО бас санитар дәрігері:
- Бізде балабақшалар мен кезекші топтарды қадағалайтын мобильді топ бар. Сол топтағы білім беру бөлімінің бір қызметкерінен қауіпті дерт анықталды. Ол науқастанып жүріп, қаладағы барлық мекемелерді аралап шыққан.
Карантиндік шектеулерден кейін көптен күткен балабақшалар ашылған. Санитарлық дәрігер 15 баладан тұратын кезекші топ ашуға рұқсат етіпті. Соның өзінде қызметкерлерге сақтық шараларын күшейтуге талап қойған. Сол шараларды пысықтау үшін тіпті арнайы мобильдік топ балабақшаларды аралап шығады. Үш күн өтпей, мектепке дейінгі мекемелерді қайта жабуға тура келіпті. Себебі, балабақшаның екі қызметкерінен вирус анықталған. Енді Орал қаласындағы барлық балабақша қызметкерлері арнайы тест тапсырмайынша, мекеме ашылмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!