{metadescription}
0:000:00
Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында қандай тапсырмалар берді

Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында қандай тапсырмалар берді

Мектепке сапасыз оқулық дайындағандар енді заң алдында жауап береді. Президент бүгін заңға осындай өзгеріс енгізуді тапсырды. Ал мұғалімдер мен бүгінгінің батырына айналған дәрігерлердің жалақысы алдағы 3-4 жылда екі-екі жарым есе артпақ. Оның үстіне, адам өмірі үшін күресетін ақ халаттыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту дегенді қысқарту керек дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бүгін онлайн үлгісінде өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы жайлы. 

Сапасыз оқулық, соның салдарынан шығатын сапасыз білім, мұғалімдердің қазіргі қиын жұмысы мен дәрігерлердің жағдайы. Осымен үшінші рет өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде сөз болған әңгіменің өзегі осы. Біздегі білім алушылардың деңгейі дамыған елдердегі қатарластарынан анағұрлым артта екенін Тоқаев ашық айтты.

Оның себебін іздей берсе, сан сылтау табуға болады. Бірақ түпкілікті мәселе, жағдайды оңалтуға кеп тіреледі. Сол үшін 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражатты 6 есе, ғылымға 7 есе өсіруді тапсырды. Одан бөлек, алдағы 4 жылда мұғалімдердің жалақысы 2 есе өспек. Тіпті, болашақ педагогтардың да стипендиясы 26 мыңнан 42 мың теңгеге өсетін болды.

Бірақ, мұғалім мың жерден білікті болса да оқулықтарды бала түгілі, үлкендер түсіне алмай жатса, қыруар еңбек құмға сіңген сумен тең. Сондықтан ата-аналардың шашын ағартқан сапасыз оқулықтарға біреу жауапты болуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

Оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Оқулық нашар болса, білім де дұрыс болмайды. Сондықтан оқулықтардың ғылыми-тәжірибелік сараптамасы мен апробациясына қойылатын талаптарды түбегейлі күшейту керек. Оған қоса, нашар оқулық дайындағандарға жауапкершілікті заң жүзінде бекіту керек. Өйтпесе болмайды.

Білім беру жүйесі дегенде, халықаралық стандарттарға сүйенуге шеберміз. Бірақ әлемге ортақ стандарттар мен халықаралық ұйымдардың ақыл-кеңестері әлемдік нарыққа әмбебап маман дайындауға арналған. Сондықтан әлем азаматымын деп өскен баланың Қазақстанның нағыз жанашыр азаматы болуы екіталай дейді кеңес қатысушылары. Сондықтан Қазақстанға ұлттық мектептің үлгісі қажет дейді.

Рауан Кенжеханұлы, «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры:

- Нақты ғылымдар, технология және ағылшын тілімен қатар, одан бұрын қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстанның тарихы мен өлкетануы, ұлт өнері мен дәстүрін озық әдістеме негізінде жаңаша оқытатын, сол арқылы, әлем азаматы емес, бірақ әлемнен хабары бар Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін ұлт мектебінің үлгісін жасауды ұсынамыз.

Ал жоғары оқу орнында грант құны 3 есе артатын болды. Ол оқытушылардың жалақысын біртіндеп арттырып, университеттердің материалдық жағдайын жақсартуға септігін тигізуі тиіс. Ал студенттерге білім алу үшін жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі қарастырылмақ. Әсіресе ғылым жолына түскен докторанттардың шәкірақысы өседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

Сондай-ақ, докторантураға бөлінетін гранттардың құнын арттыру керек. Докторанттардың көбі отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезеңде негізінен стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын жүз елу мың теңгеге дейін көбейту қажет.

Қазіргінің қаһарманына айналған ақ халаттылардың еңбегіне де ерекше назар аударылып отыр. Қит етсе «дәрігердің салғырттығы» деген желеумен қылмыстық жауапкершілікке жетелеуді доғару керек дейді Тоқаев. Тіпті заңдағы ондай талаптың тиімділіні қайта қаралуы мүмкін.

Түрлі саланың ішінде ең аз жалақы алатындардың бірі – дәрігерлер. Сондықтан президент Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырды. 2023 жылға қарай олардың жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе артық болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде