{metadescription}
0:000:00
Блок-бекеттегі апат: Жаппай жазаланып жатса да, әлі сабақ алмаған сияқты

Блок-бекеттегі апат: Жаппай жазаланып жатса да, әлі сабақ алмаған сияқты

Блок-бекеттегі жантүршігерлік апаттан кейін Алматы полиция департаментінің басшылары түгел жазаланды. 20 күн бұрын ғана генерал шенін алып шалқыған Қанат Таймерденов қатаң сөгіспен құтылса, тағы бірнеше бөлім басшысы қызметінен қуылды. «Шенділер жылы кабинетте отырып, жеке құрамды жөнге сала алмаған» - дейді Ішкі істер министрі. Тәртіп сақшыларының тәртібіне кадр бөлімінен бастап, патрульдік полиция полкінің басшылары салғырт қараған.

Екі әріптесін ажал құштырған БМВ жүргізушісіне қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін полиция дептартаментінің ресми өкілі де қатаң сөгіс алып тынды. Ал күдіктінің өзі сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қарамағындағы қызметкерлерді тайраңдатып жіберген Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жариялады. Қатаң ескерту оның бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков пен жалған ақпарат таратқан ресми өкіл Салтанат Әзірбекке де жасалды. Ал кадр бөлімінің басшысы, жеке құрам инспекторы мен патрульдік полиция полкі бастығының орынбасары басқалар сияқты жеңіл құтылған жоқ. Бұл үшеуі қызметтен қуылды.  Жергілікті полиция қызметі, Өзіндік қауіпсіздік қызметінің бастығы мен генерал Таймерденовтың тағы бір орынбасары өз қызметіне сай емес деп танылды.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ кеңесшісі:   

- 25-мамырда Алматы облысында блок-бекетте болған қайғылы оқиғаға құқықтық баға берілді. Жол-көлік оқиғасына жеке құрам арасындағы тәртіпсіздік және теріс қылық жасаған қызметкерлерге қатысты профилактикалық жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі себеп болған. Сонымен қатар БАҚ бұрмаланған фактілерді ұсыну бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен басшылық буын арасынан 9 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды.

Алматы полициясы жаппай жазаланып жатса да әлі сабақ алмаған сияқты. Себебі, екі күн бұрын қос полицейді қағып өлтірген азаматтың ішкі істер органдарынан қашан қуылғанын жасырып отыр. Тіпті Ішкі істер министрлігі де жүгенсіз жүргізушінің нақты қашан қызметтен қуылғанын айта алмады. Тек «мамыр айында жұмыстан босатылған» деп қысқа қайырды. Десе де кейбір дереккөздер Азат Азаматовтың осы күнге дейін Алмалы аудандық полиция бөлімінде істегенін айтады. Тіпті жақында аға лейтенант шенін алған екен. Былтыр жазда отбасын құрған 26 жастағы күдіктінің бір жасқа толмаған ұлы бар деседі. Ал бір ажалдан аман қалған үшінші полицей Ербұлан Сейдазым әлі жан сақтау бөлімінде жатыр.

Ерлан Түбелбаев, Алматы қалалық № 7 клиникалық аурухананың нейрохирургі:

- Науқастың жағдайы 27-мамырда тұрақты ауырлықта. Жан сақтау бөлімінде қарқынды ем алуда. Нейрохирург және басқа да мамандармен консилиум жүргізілді. Ауыр бас-ми жарақатының емдеу ережелеріне сай ем қабылдауда.

Ал тізгінге мас күйінде отырып, блок-бекетті жарып өткен жүгенсіз жүргізуші екі айға қамауға алынды. Екі отбасын аңыратып кеткен Азат Азаматовқа қатысты Қарасай аудандық соты бүгін осындай шешім шығарды. Енді тергеу аяқталғанша күдікті абақтыда отырады. Ал Алматы қаласының әкімі қызмет бабында жүріп қаза тапқан қос полицейдің отбасына пәтер беретінін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде