{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеге қарайтын Шилісайға блок-бекет қойылып, тұрғындар азық-түліксіз қалған

Ақтөбеге қарайтын Шилісайға блок-бекет қойылып, тұрғындар азық-түліксіз қалған

Ақтөбе ауыл тұрғындары блок-бекетті көшіруді талап етуде. Шилісай елді мекен шетіндегі бөгеттің кесерінен облыс орталығымен қатынас қиындаған.  Ауыл Ақтөбе қаласына қарайды. Бірақ не дүкен, не дәріхана, не емханасы жоқ. «Блок-бекет болмаса, азық-түлік пен ішер суымызды қаладан таситын едік» - дейді күйінген жұрт. Ал олардың талабын орындауға шенеуніктердің де, тәртіп сақшыларының да құлқысы жоқ.  

Ақтөбенің іргесіндегі Шилісай ауылында 50-ге жақын шаңырақ бар. Тағы 100-ден аса үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүгін ауыл іші жым-жырт. Тұрғындар тайлы-тұяғы қалмай блок-бекет басына кеткен. Екі айдан бері қатынастан қиналған олар сол бөгетті алып тастауды талап етуде.

- Кедергі болмаса, осыншама халық ашынып, бұл жерге жиналып келмес едік. Кедергісіз емін-еркін өтіп жүрсек, несіне келеміз?

Карантин жарияланғанда Ақтөбеге қарайтын бұл ауылды елден ерек етіп қаладан оқшаулап тастаған. Елді мекен шетіне блок-бекет қойып, қатынас үзіліпті. Екі ай үнсіз шыдағанмен, су таба алмай шөлдегенде шыдамы таусылған. Ауылдағы жалғыз құдық құрғап, төрт күннен бері тіршілік нәрінен қағылыпты. Онымен қоймай, нан-шәйін сатып алатын жер жоқ.  

Нұрлан Қасымов, Шилісай ауылының тұрғыны:

- Тұтқында отырған адам сияқтымыз. Иә анда жоқ, иә мында жоқ. Екі ортада келеді де, бізді жауып тастады. Ешқандай дүкен жоқ, су жоқ. Мына арадан қалаға барған сайын емін-еркін ыдысымызды алып суымызды таситын едік. Қазір ол да жоқ. 

Рұқсат құжат болмаса, блок-бекеттен қалаға ешкімді аттап бастырмайды. Ауыл үлкендері қол созым жердегі ұл-қызының үйіне жете алмай жүргеніне де күйінеді.

Ертарғын Мұхамбетқалиев, Шилісай ауылының тұрғыны:

- Айқаймен шығамын. Рұқсат қағазды алып алдым. Велосипедіммен таниды, мені өткізгенімен, балаларымды өткізбейді. Қашанғы велосипедпен тамақ тасимын? Иә, балаларымды, немерелерімді сағындым. Көргім келеді. Көрмегелі, міне, үш ай болды!  

Су сұрағандарға комуналдық мекеме өкілдері қысымның төмендеп кеткенін айтады. Ал шенеуніктер бекеттен өтуге еш кедергі жоқ деп ақталады.

- Қазір су қысымын көтеріп жатырмыз. Су жетпейді, шамасы келмейді.

Бағұзақ Дарин, Алматы ауданы әкімінің орынбасары:

- Қалаға ешқандай кедергі жоқ, дәрі-дәрмек, азық-түлік аламын дегендерге рұқсатнама кедергісіз беріліп жатыр. Мен бәрін білемін ғой, осы бекеттен  шықпаймын.

Ал тәртіп сақшылары блок-бекетті алып тастай алмаймыз деп отыр. Оны басқа жерге көшіруге интернет байланысы кедергі.

Айдос Құлжанов, Ақтөбе қалалық Жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Планшет тіркеу үшін бізге интернет желілері керек болған. Осыған байланысты, сонымен қатар мына қаладан жұмысты ұйымдастыру барысында қызметтік қажеттілікке байланысты радио байланысы қажет. Соған байланысты тура осы жерді алып отыр.

Шилісайлықтардың енді қанша уақыт ауылдан шықпай отыратынын ешкім білмейді. Осыған дейін Ақтөбе қаласына қарайтын Ақшат ауылы тұрғындары да шу шығарған болатын. Ол жақтағы блок бекетті қазір алып тастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде