{metadescription}
Каспий шекарашылары мемлекет пайдасына 1 млрд 300 млн теңге өтеді
Каспий шекарашылары мемлекет пайдасына 1 млрд 300 млн теңге өтеді

Каспий шекарашылары мемлекет пайдасына 1 млрд 300 млн теңге өтеді

Каспийдегі шекарашылар екі аптаға созылған балық қорғау операциясын қорытындылады. Қазақстан мен Ресей шекарашылары теңіз қарақшыларымен күресті бірігіп жүргізген. Тексеру барысында олар теңізге заңсыз салынған жалпы ұзындығы 150 шақырымнан асатын ау тәркіледі. Сондай-ақ браконьерлерден алынған екі жарым мыңдай тірі балық пен 50 итбалық қайта суға жіберілген.   

Ашық теңізде браконьерлермен күрес жүргізу оңай шаруа емес. Өйткені заңсыз балық аулаушылар түнде ғана шығады. Ал құрылған ауларды тек қалтқы арқылы табуға болады. Мұның өзі шекарашылардың бірнеше сағат уақытын алады. Дегенемен нәтиже жоқ емес. Оның үстіне Каспий теңізіне бес мемлекет еншілес, балық қорғау шараларына көрші елдерден де мамандар көмеккке келеді.       

Данияр Малшыбаев, ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облыстық департаменті бастығының орынбасары:

- Теңіздегі шекарашылар 150 шақырымға жететін ау мен 83 шақырым болатын ілмек құралдарды тәркіледі. Екі жарым мың бекіре және өзге балықты тірі құтқарып қалдық. Нәтижесінде мемлекет пайдасына 1 млрд 300 млн теңге көлемінде шығын өтелді.    

Каспий теңізінде шекара тәртібін бұзушылар да жеткілікті. Соңғы екі аптаның өзінде шекарашылар 66 қазақстандық пен 8 шетел азаматын ұстаған. Олардың төртеуі – әзірбайжандықтар. Әскери кемеден қашып құтыла алмайтынын түсінген олар, амал жоқтан  берілген. Теңіз қарақшылары 200 аттың күші бар қос моторлы қайықтармен жүреді. Сондықтан қуып жету де оңай шаруа емес. Арасында атыс-шабыста болады. Ал тәркіленген қайықтар сот шешімімен мемлекеттік балық қорғау органдарының меншігіне өтеді.

Иван Санин, Маңғыстау облысы бойынша тергеу бөлімінің бастығы:

- Каспий теңізіндегі балық қорғау операцияларының алғашқы кезеңінде мемлекетаралық шекара заңын бұзған 12 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Төрт адамға сот үкімі шықты. Олар алты алға дейін бас бостадығынан айырылып, дүние-мүліктері тәркіленді.   

Ауға түскен тірі балықтар бірден теңізге қайта жіберіледі. Ал өзгесі балық шаруашылығымен айналысатын өндірістік кооперативтерге тапсырылады. Сот үкімі шыққаннан кейін ол балықтарды мемлекетке салығын төлеп, кооперативтер қабылдап алады. Осындай жолмен тек Атырау облысы бойынша соңғы бес айда 6 тоннадан астам балықтың құны мемлекеттің пайдасына шешілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде