{metadescription}
Өрт сөндіру техникасы жоқ Уәлиханов ауданында жағдай ушығуда
Өрт сөндіру техникасы жоқ Уәлиханов ауданында жағдай ушығуда

Өрт сөндіру техникасы жоқ Уәлиханов ауданында жағдай ушығуда

Солтүстік Қазақстанда дала өрті өршіп тұр. Әсіресе өңірдің ең шеткі Уәлиханов ауданында жағдай қиын. Облыс орталығынан қашық елді мекендерде өрт сөндіру техникалары атымен жоқ. Сондықтан тілсіз жауды ауыздықтау қиындық туғызып жатыр.

Қайрат ауылы аумағындағы жазықта от кеше тұтанған. Секундына 25 метрге дейін соққан жел оның аумағын лезде ұлғайтып жіберді. Шарпыған жалынмен ауыл тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері өздері алысып әлек. Мұнда жалпы саны 42 адам мен екі ауыл шаруашылығы техникасы жүр. Кейін аудан орталығынан екі өрт сөндіру машинасы қосылған. Алайда бұлардан қайыр болмаған тәрізді. Себебі, отты оқшаулау үшін қауіпсіздік белдеулерін жыртайын десе жер тастақ, ал су бүркеуге ми далада ол да тапшы.

Нұрлан Атығаев, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

- Сондықтан ауылдықтардың күшімен өрт сөндірілуде. Қазір өрт тоқтатылды және сөндірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде