{metadescription}
Теміртау: Жүргізуші автобусты қалай аударып алғанын түсіндіре алмады
Теміртау: Жүргізуші автобусты қалай аударып алғанын түсіндіре алмады

Теміртау: Жүргізуші автобусты қалай аударып алғанын түсіндіре алмады

Теміртауда жолаушылар мінген автобус арыққа аударылды. Жол апатынан жарақат алған жеті адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Оқиға «Арселор Миттал Темиртау» компаниясына қарайтын цехтардың бірінің аумағында болды. Бірақ көлікте болған жолаушылардың ешбірі бұл мекемеде жұмыс істемейді. Ал жүргізушінің өзі автобусты арыққа қалай аударып алғанын түсіндіріп айтып бере алмады. Апат кезінде салонда 19 жолаушы болған. Барлығы өзге кәсіпорында қызмет ететін әріптестер. Төртеуін сол жерден жедел жәрдем ауруханаға алып кетсе, тағы бірі кейін жеткізілді.

Ерік Шонбаев, Х. Мақажанов атындағы аурухананың травматолог дәрігері:

- Біздің ауруханаға төрт адам жеткізлді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа  болды. Біреуі омыртқасы сынып, бүйрегі жарақаттанса, тағы бірінің жамбасы сынған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Тағы екі науқастың миы шайқалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде