{metadescription}
Вокзалдағы тәртіп пен пойыздағы негізгі қағидалар
Вокзалдағы тәртіп пен пойыздағы негізгі қағидалар

Вокзалдағы тәртіп пен пойыздағы негізгі қағидалар

Вокзалдағы тәртіп пен пойыз қозғалысындағы негізгі қағидалар соңғы рет пысықталды. Тәртіп бойынша енді жолаушылар вокзалда да, вагон ішінде де бетпердесін шешпеуі тиіс.  

1-маусымда теміржол қозғалысы жанданады. Жолаушыларға қозғалыс барысында вагон аралап серуендеулеріне тыйым салынған. Пойыз құрамындағы мейрамханалар жұмыс істемейді. Барлық азамат бетпердесін  жол бойы шешпеуі керек. Ал әлдебір жолаушыда қызуы көтеріліп, коронавирустың белгілері байқалса, ол азамат дереу оқшауланып, келесі бекетте ауруханаға жеткізіледі. Бүгінде 270 мыңдай билет сатылған. 140 мыңы онлайн рәсімделген. Санитарлық талаптарға сай, шығарып салуға немесе күтіп алуға келгендер де вокзал ішіне кіргізілмейді.

Ғалым Әбдіханов, «Нұр-Сұлтан-1» вокзалының бастығы:

- Егер де үлкен кісілер болса, ол кісілердің чемоданы болуы мүмкін. Ол кісілерге бізде жүк тасымалдайтын компания бар. Сол кісілер вагонға дейін көмектесіп жібереді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.