{metadescription}
Петропавлда карантин режимін бұзған қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылуы мүмкін
Петропавлда карантин режимін бұзған қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылуы мүмкін

Петропавлда карантин режимін бұзған қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылуы мүмкін

Петропавлда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылуы мүмкін. Өйткені қала тұрғындары карантин режимін бұзып жатыр. Күнделікті жұмысқа қатынаған жолаушылар автобусқа жапа-тармағай мініп, автобустың ішін толтырып жібереді. Осылайша ара қашықтықты сақтамаған көпшілікке атқамінерлер үйден ерте шығуын сұрады. Әйтпесе барлығына өздері кінәлі деп отыр.

Күн сайын қала ішіне 260 автобус қатынайды. Ал жолаушылар қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты қайта ұзартылғалы карантин ережелерін бұзуды тоқтатар емес. Ешқандай санитарлық талаптарды сақтамай, автобустағы адам санын асып кетіп жатыр. Көбі келесісін күтуге құлықсыз. Өйткені олардың да толы болатынына сенімді. Ал әкімдіктегілер рейстер санын көбейту мәселесі бойынша жарытып ештеңе айтпады. Тасымалдаушыларға қатысты әзірге ешқандай жаза қолданбаған. Ал жолаушыларға ескерту айтылып жатыр. Егер тыңдамаса, автобустарды мүлдем тоқтатады.  

Әсем Айтулова, Петропавл қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Бұл мәселе қазір қалалық әкімдікте де қарастырылып жатыр. Күнделікті қалалық әкімдік мамандары автобустарға рейдтарға шығып, тексеріп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ, көбінде тұрғындар құлақ аспайды. Егер мұндай жағдай қайталанатын болса, онда қалалық әкімдікте қоғамдық көліктерді тоқтату мәселесі қаралатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде