{metadescription}
Әскерге шақырудың тәртібі өзгерді және жол жүрудегі ескертулер
Әскерге шақырудың тәртібі өзгерді және жол жүрудегі ескертулер

Әскерге шақырудың тәртібі өзгерді және жол жүрудегі ескертулер

Биыл көктемгі әскерге шақырылғандар 14 күндік карантинге алынады – сарбаздардың денсаулығы толық бақыланбақ. Ал ел бойынша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 10 мыңға жуықтады. Алдағы аптада темір жол қатынасы қайта жанданса, келесі айда шомылу маусымы ашылады. Карантин жағдайындағы аймақтардың оған дайындық барысы қалай?

Елімізде карантинге байланысты көктемгі әскерге шақырудың тәртібі өзгерді. Әскерге шақырылғандар алдымен карантинге алынады. Ант беру рәсіміне олардың ата-аналары мен туыстары қатыспайды. Осы жылы коронавирусқа байланысты медициналық комиссия құрамына инфекционист дәрігер енгізіліп отыр. Ол әрбір шақырушының дене қызуын өлшеп, соңғы кезде қайда барғанын анықтайды.

Амантай Өсербаев, Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

- Шақырушылар әскери бөлімге барған кезде 14 күндік карантинде болады. Әскери бөлімге келгесін ПЦР тест алады. Сол 14 күннің ішінде карантин кезінде олар өздерінің алғашқы әскери дайындықтарын жасап өздерін әскери өмірге бейімделу жұмыстарын жасайды.

Ақтауда карантин мен тыйымға қарамастан адамдар суға түсіп жүр. Ал шомылу маусымына дейін әлі бір ай уақыт бар. Жергілікті билік теңіз жағасынан 38 орынды белгілеп, шомылуға рұқсат бермек. Бірақ, карантиндік шаралардың сақталатынына күмәнмен қарайды. Өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар 177-ге жетті.

Сәкен Меңдібаев, Маңғыстау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Ауру белгісі кейбір адамдарда білінбейді. Егер ондай кісі жағажайда шомылса, қаншама тұрғынға қауіп тудырады. Қазір демалыс орындарын тексеріп, алдағы маусымға дайындықты бастадық. 25-мамырдан бастап карантиндік шаралар жеңілдетілді. Бірден науқастар саны артқанын байқаймыз.

1-маусымынан бастап Маңғыстау станциясынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбеге пойыздар қатынайды. Вокзал әкімшілігі жолаушыларға бетперде киіп, вокзалға ертерек келуді ескертіп отыр. 

Алма Айымқұлова, Маңғыстау теміржол вокзалының басшысы:

- Жол жүру сапарында жолаушы өзімен бірге міндетті түрде қорғаныш құралдары маскалар, қолғаптар, антисептик алып жүруі қажет.Үйден шығар алдында 20 минут бұрын жолаушы өзінің дене қызуын өлшеуі қажет. Егер  дене қызуы 37 градус немесе жоғары болған жағдайда үйде қалып, жергілікті дәрігерге хабарласыңыз.

Елімізде бір күннің ішінде 272 адам коронавирус жұқтырып, науқастар саны 9500-ден асты. Бас қалада 56 науқас тіркелген. Аймақтар арасында сүреңсіз статистиканы бастаған Алматыда тағы 25 адам емделуде. Өзге өңірлерде де Covid-19 жұқтырғандар қатары арттып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының бас санитары Семей қаласында эпидемиологиялық ахуал ушыққанын айтып дабыл қағып отыр. Қауіпті ошақтар анықталса да, тұрғындар жайбарақат. Бетперде тақпай, отбасылық жиындарға жиі қатысады.

Марат Исмаилов, ШҚО бас санитар дәрігері:

- Облыстың алты аумағында 73 жағдайы тіркелген, оның ішінде 10-ы сырттан әкелінсе, 63-і жергілікті жағдай. Атап айтқанда, осы жағдайлардың 77 пайызы Семей қаласына тиесілі. Инфекцияның 29 ошағы әлі де болса қалып отыр. Сондықтан шектеу шаралары сақталады.

Мәселен, соңғы тіркелген бір ғана науқас 7 мекемені аралап, 58 адаммен тығыз байланыста болған. Жергілікті атқамінерлер егер қауіпсіздік шаралары толық сақталмаса, карантин күшеюі мүмкін екенін жоққа шығармайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.