{metadescription}
Қазына қаражатының 400 миллион теңгеге жуығы қолды болған
Қазына қаражатының 400 миллион теңгеге жуығы қолды болған

Қазына қаражатының 400 миллион теңгеге жуығы қолды болған

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының екі бірдей орынбасары ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілігіп жатыр. Оның бірі – бұрынғы, екіншісі қазіргі – орынбасары. Қолды болған қазына қаражаты шамамен 400 миллион теңгеге жуық.

Ол екеуін Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған. Жоспар бойынша Риддер қаласындағы Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтік мектеп-интернатының 300 орынға арналаған оқу ғимараты салынуы керек болған. Бірақ құрылыс аяғына жетпей шала күйінде қалады. Бұл екеуі бітпеген жұмысқа  мердігердің шотына 380 миллион 800 мың теңгені аударып жіберіп, артынан оны өз қалтасына басты деген күдік бар. Қазір екеуі де Өскемен қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде