{metadescription}
Ақтөбе зауытындағы жарылыста төрт адам қаза тапты
Ақтөбе зауытындағы жарылыста төрт адам қаза тапты

Ақтөбе зауытындағы жарылыста төрт адам қаза тапты

Ақтөбеде хром қосындылары зауытында жарылыс болып, төрт адам қаза тапты. Тағы екі адам ауыр хәлде ауруханада жатыр.

Жұмысшылар таң атысымен хром өндіретін №4 цехтың бөшкесін тазалауға кіріскен. Түске таман сыйымдылығы 50 текше метр ыдыстың түбінде ақау барын біреуі байқайды. Сол жерде оны бітемек болып қасына көмекке тағы үш әріптесі келеді. Кенеттен ыстық бу ұрып, төртеуі оқиға орнында жан тапсырды. Ал жарақат алған өзге екі жұмысшының беті бері қарар емес. Олар аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Атығай Арыстанов, Ақтөбе облыстық ПД бастығы:

Жұмысшылар бактің ішіндегі ақауды өз күшімен жөндемек болғанда жарылыс болған. Қазір полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Жарылыс болған цехта төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп, әлі тексеру жүргізіп жатырмыз.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде