{metadescription}
Елорданың қақ ортасында орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ
Елорданың қақ ортасында орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ

Елорданың қақ ортасында орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ

Елорданың қақ ортасындағы ықшамаудан тұрғындары кәріз қалдықтарын қайда төгерін білмей отыр. Бұған дейін 3 жыл бойы жуынды-шайындыларын маңайдағы белгіленген орынға төгіп келген. Бірақ таяқ тастам жердегі ол орынға енді рұқсат жоқ. Кәріз тазалайтындар қалдықтарды 15 шақырым қашықтағы елді мекенге апарып төгуге мәжбүр. Салдарынан тазалау құны екі есеге қымбаттапты.

Үй-жайларының құны өте қымбат елордалық бұл ықшамауданның енді жуынды-шайындыларын төгудің өзі біраз ақшаны талап етеді. Мәселен, әр үй аптасына, шамамен екі-үш рет кәріз шұңқырын сорғызып, тазартқызады. Бір реттік қызмет құны 5 мың теңге. Айына айтарлықтай соманы шығындауға тура келеді. Осыған дейін жағдай мүлдем басқаша еді.

Шұбар шағынауданы тұрғындарының тұрмыстық қалдықтары, дәретхана, жуынды-шайындылары үш жыл бойы мына жерге төгіліп келген екен. Бірақ мына көп қабатты үйдің тұрғындарының шағымынан кейін экологтар бұл жерге тұрмыстық қалдықтарды төгуге тыйым салған. Енді алдағы уақытта бұл алаңқайда автотұрақ салу жоспарланып отыр. 

Қалдықтарын сорғызу қымбаттап кеткен соң, ақшасы жоқтардың ауласында кәріз суы тасып жатыр. Әкімдікке шағым айтқанымен, «жағдайларыңызды реттейміз» деген құрғақ уәде беріп кетіпті.

Әйгерім Әбілова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Кірімізді жуа алмай жүрміз. Мына есік алдында өсіп тұрған ағаштың түбіне шелектеп төгеміз. Қалай біз 5 мың төлейміз? Мысалы, мен көп балалы анамын. Мен не үшін бес мың төлеуім керек? Менің балаларым тамақ ішпеуі керек пе? Төлемейміз, тұрады осылай қаланың қақ ортасында, «Бәйтеректің» қасында сасып.

Ал кәріз тазалайтындар бағаны «амалсыздан қымбаттаттық» деп отыр. Бұл ықшамауданда екі мыңдай үй бар. Жақын маңдағы қалдық төгетін орын жабылған соң, қаладан 15 шақырым қашықтағы елді мекенге сабылуға мәжбүр.

Асхат Жүнісов, кәріз тазалаушы:

- Біз бағаны көтердік. Барып-келуіміз 30 шақырым. Ильинкаға бару үшін бірталай кептелісте тұрамыз. Бір барып келгеніміз бір жарым сағат уақыт үзіліс боп жатыр.

Бәрінен де астанамыздың қақ ортасындағы үйлердің орталықтандырылған кәріз жүйесінің жоқтығы таңдантады. Тұрғындардың сөзінше, 2000-жылдардың басында «кәріз жүйесі салынады» делінген екен. Содан бері 20 жыл өтсе де, әлі жоспар күйінде тұр.

Дәурен Жандыбаев, Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

- Су желісі және кәріз желісін дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін арналған техникалық-экономикалық құжат бойынша Шұбар ықшамауданында қарастырылмаған. Бірақ 2021-25 жылға жоспар құрғанда Шұбар және басқа кірмей қалған аудандарды міндетті түрде қосамыз.

Мәселенің екінші қыры. Ықшамаудандағы қуықтай көшелерде кәріз жүйесін төсеу бірқатар қиындық тудырады. Нақтысы, қажетті тереңдікті қазса, біраз нысанның іргесі шайқалуы мүмкін. Әкімдіктің енді соған басы қатып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде