{metadescription}
Компьютер клубының атын жамылған онлайн-казино – Алматы
Компьютер клубының атын жамылған онлайн-казино – Алматы

Компьютер клубының атын жамылған онлайн-казино – Алматы

Компьютер клубының атын жамылған онлайн-казино! Алматыда астыртын жұмыс істеген электрондық ойынхананың жұмысы әшкере болды. Экономикалық тергеу департаменті заңсыз табыс тапқандардың жолын кесті.

Әр компьютерде ақша құйып, оны еселеуге жылтыраған жарнамасымен шақыратын ойындар самсап тұр. Мұнда көлденең көк аттылар кіргізілмейді, тек таныс арқылы. Ал күдік тудырмас үшін ғимараттың сыртына «Компьютер клубы» деген тақтайша іліп қойған. Ойынханадан 50 дана компьютер мен көлеңкелі айналымнан түскен 210 мың теңге тәркіленді.

Жақсылық Мырзахан, Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

- Ол жерге кірген адамдар кассаға ақшасын береді. Кассаға берген ақшаны компьютерге салып, сол арқылы электронды түрде казино ойнаған. Ұйымдастырушыларға ҚР ҚК-нің 307 – «аңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде