Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Азық-түлік бағасы тоқтаусыз өсуде – қымбатшылық қай өңірде?
Елімізде азық-түлік бағасы тоқтаусыз өсіп жатыр. Әсіресе көп тұтынатын тамақ түрлері 50 пайызға көтерілген. Қымбатшылық Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында байқалады. Ал басқа өңірлерде баға 30-35 пайыз төңірегінде қосылған.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
29.05.2020
Карантин кезінде жұрттың көп сақталатын тауарларға сұранысы артқан. Соның салдарынан қарақұмық, жарма түрлері мен консервіленген балық пен еттің бағасы 30 пайызға қымбаттапты. Әсіресе логистиканың бағаға әсері орасан. Шетелден тауар әкелгендер жолда талай блок-бекетте бөгеліп, әрі карантинде екі апта жатады. Бұл бағаның қымбаттауына әкеп соғып отыр. «Әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлері 15 пайыздан артық қымбаттамауы тиіс» деген заңды Сенат депутаттары қарап жатыр. Бірақ айласын асырған кәсіпкерлер де бар. Мәселен, кәдімгі бөлке нанды пісіруден бас тартып, оның орнына таба нанды қымбат құнмен өтізген.
Светлана Романовская, Ұлттық тұтынушылар лигасының төрайымы:
- Пандемияның өршіп жатқан шағында 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тек 9 түрінің ғана бағасы шарықтамады, ұсталып тұрды. Әсіресе сүт, сүт өнімдерінің құны аспандап кетті. Осыған қатысты көптеген тұрғындар бізге шағымданған болатын. Ал шекара асып келетін өнімдердің құны 70 пайызға шарықтаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram