{metadescription}
Оқушылардың жазғы каникулына қай өңір дайын және нені ұсынады?  
Оқушылардың жазғы каникулына қай өңір дайын және нені ұсынады?  

Оқушылардың жазғы каникулына қай өңір дайын және нені ұсынады?  

Елімізде оқушылардың жазғы демалыс лагерлері 8-маусымнан бастап біртіндеп ашылады. Биыл 3 миллионнан астам оқушының жазғы демалысын қызықты өткізу үшін мыңдаған аула клубтары мен үйірмелер дайын тұр.

Балалардың жазғы сауықтыру лагерлері, қала сыртындағы демалыс орындары немесе мектеп жанындағы балалар орталықтары жұмысын қашан қайта жалғастыратындығын жергілікті билік өңірдегі жағдайды бағамдай отырып шешеді. Ашылған күннің өзінде санитарлық талапты мейілінше қатаң сақтауы тиіс. Әзірге белгілісі, 8-маусымнан бастап Шымкентте, ал 15-нен кейін 12 өңірде жұмысын бастайды. Сондай-ақ, 20-сынан бастап елордада іске қосылады. Тек Алматыда ғана балалар лагерлерінен шектеу алынбады. Жалпы алғанда елдегі 12 мыңнан астам жазғы демалыс орнындарының  65 пайызы ғана жұмысын жандандырады.

Юлия Овечкина, ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары: 

Жазғы лагерлерге бара алмай қалған балаларға мектеп жанындағы ұйымдардың жұмысын жандандырамыз. Олардың барлығы балалармен жұмыс істеуге дайын. Оған қоса, 1222 аула клубы да әзірлігін баяндады. Жалпы барлығы 21 мың аула клубы мен үйірмелер балаларға қызмет көрсетуге сақадай-сай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде