{metadescription}
Тауда жоғалған қыздың мәйіті қар астынан табылды
Тауда жоғалған қыздың мәйіті қар астынан табылды

Тауда жоғалған қыздың мәйіті қар астынан табылды

Алматыда тауда жоғалған қыздың мәйіті табылды! Әсел Панарғалиева былтыр қыста Үлкен Алматы шыңын бағындыруға кетіп, содан қайтып оралмаған.  

Тауға кеткен қыздың соңғы жазбасы. Ол биіктігі 3680 метр шыңға жеткенін көрсетіп, көпшілікпен бөліскен болатын. Содан кейін байланыс үзілген. 26 жастағы турист қызды 50-ден аса тәртіп сақшысы, одан қалды ондаған құтқарушы табанынан таусылып іздеді. Алайда, жоғалған күннің ертесіне тауға қалың қар түсіп, іздеуді қиындатып жіберсе де, іздеу жұмыстары осы күнге дейін тоқтаған емес. Тауда жоғалған қыздың денесі арада жарты жылдан аса уақыт өткенде ақыры табылды. Қыс бойы қар астында жатқан мәйіт Үлкен Алматы көлінің маңайынан шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.