{metadescription}
Ақмола облысында полиция қызметкерлері жол апатына түсті
Ақмола облысында полиция қызметкерлері жол апатына түсті

Ақмола облысында полиция қызметкерлері жол апатына түсті

Ақмола облысында полиция қызметкерлері жол апатына түсті. Соның салдарынан Көкшетау қалалық полициясы тергеу бөлімшесінің бастығы Ұлан Жақанов көз жұмды. Тағы екі жолаушының бірі – тергеуші ауруханада жатыр.

Таңғы сағат бес шамасында Көкшетау маңындағы айналма жолмен келе жатқан көлік жолдан шығып кеткен. Жылдамдықты асырды ма, әйтеуір тәртіп сақшылары тізгіндеген жеке көлік жол шетіндегі қысқа темір белгілерді қиратып, біршама жерге дейін құлап кеткен. 30 жастағы тергеу бөлімшесінің бастығы басынан ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде жан тапсырған. Ал тағы бір тергеуші ауруханаға жеткізілді. Одан басқа тағы бір қызметкер дін аман, үйіне жіберілген. Қазір адам өліміне әкеліп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өткен аптада уақытша қамау абақтысындағы улануы оқиғасына байланысты келген Ішкі істер министрлігінің комиссиясы аталмыш жол апатының да себебін анықтамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде