{metadescription}
Темір жол: Қызуы көтерілсе, вагон тұрмақ, вокзалға кіргізілмейді   
Темір жол: Қызуы көтерілсе, вагон тұрмақ, вокзалға кіргізілмейді   

Темір жол: Қызуы көтерілсе, вагон тұрмақ, вокзалға кіргізілмейді   

Елімізде екі ай бойы тыйым салынған жолаушылар тасымалы да қайта жанданды. Енді қазақстандықтар санитарлық тазалықты сақтап қана пойызға отыра алады. Ал дене қызуы көтерілсе, вагон тұрмақ, вокзалға кіргізілмейді. Ел тұрғындары 15-мамырдан бастап 350 мыңнан астам билет сатып алған. Әзірге 54 бағытта жүруге рұқсат. Қайта қан жүгірген теміржолдағы тіршілік туралы.  

Ұзақ уақыт демалыстан кейін еліміздің кейбір вокзалдары жұмысын бастады. Ал Атырау облысында covid-19 байланысты пойыз әзірге қатынамайды.

Нұрлы жол вокзалында адам қарасы аз. Өйткені вокзалға жолаушыларға өтуге болады. Ал шығарып салушылар кіре алмайды. Көлік тұрағы бос. 

Ал вокзал ішінде жолаушыларды дене қызуын өлшеп, жол нұсқап тұратын қызметкерлер күтіп алады. Егер жол жүрушінің температурасы 37-ден асса, ол нысанға жіберілмейді. Сол күні тапсырған билетінің ақшасы толық қайтарылмайды.

Алмас Айтбаев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ департамент директоры:

Билеттің құны оны тапсырған мерзіміне қарай анықталады. Жолаушы  бір сағат қалғанда тапсырса, 30 пайызға дейін ақша ұсталынады.  Егер бір күн бұрын билетін өткізсе, ақшасы толық қайтарылады.

Вокзалдың ішінде әрі-бері жүріп тәртіпті қадағалайтын әдемі киінген қыз-жігіттер уақытша жүк көтерушіге де айналды. Шығарып салушылар болмаған соң, оларға ауыр сөмкелерді көтеруіне тура келді. Ал күту залындағы орындықтар  ленталармен оралған.

Вокзалдың негізінен өз тәртібі бар. Инфекцияға қарсы ақпараттық құралдар ілінген, антисептикалық құралдармен қол жууға болады. Кассадан билет алмақшы болсаңыз, ара қашықты сақтауыңыз керек. Вокзалда ол сары жапсырмалармен көрсетілген.

Мамырдың 15-31 аралығында жолаушылар пойызына 354 мыңнан астам билет сатылып кеткен.

Екі ай дегенде жолаушылар пойызы жолға шыққалы тұр. Елордадан Семейге бағыт алған бұл пойызда 12 вагон қаз-қатар тігілген. Жалпы жолаушылар мен жолсеріктердің арасында қашықтық сақталған, дезинфекция жасалынған, барлығы бетперде киюі тиіс. Ең қызығы, жолаушыларды қандай да бір санитарлық талапты бұзса, жолсерік оны вагоннан шығара алмайды. Акті толтырып, полицей шақыруға құқылы.

Пойызда әжетханаға баруға кезекке тұру қажет. Бетперде, қолғап кию міндетті. Бұрынғыдай вагоннан-вагонға жүгіріп, купеден-купеге қонаққа баруға болмайды. Көптен бері ел азаматтарының жолға шықпағаны сезіледі. Алып ғимарат емес, дәл перронның өзінде жолаушылар шатасып, абдырап жүр.

- Пойызбен жүруді сағындық. Семейге бара жатырмыз. 20-наурызда билет алғанбыз, сосын қайтардық. Енді қайтадан пойызбен кетіп бара жатырмыз.

Бүгіннен бастап елордадан Атыраудан басқа қалаларға 54 бағыт бойынша пойыз жүреді. Кейін тағы 39 пойыз іске қосылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде