{metadescription}
Блок-бекеттер алынғанымен...
Блок-бекеттер алынғанымен...

Блок-бекеттер алынғанымен...

Адам өліп, ауырғандар саны азаймаса да тұрғындардың ел аумағында емін-еркін қозғалуына бүгіннен бастап рұқсат! Десе де, блок-бекеттердің алынуы босаңсуға себеп емес. Бақылау-өткізу пункттерінде екі жарым ай бойы тапжылмай қызмет еткен полицейлер қауіпсіздік ережелерін әрі қарай да қатаң сақтауды ескертті. Түнде еліміздің барлық аймағындағы блок-бекеттердің жұмысы тоқтаған болатын. Тексеріс пен кептелістен жалыққан тұрғындар қазір қала мен ауыл арасында еркін қатынап жүр.

Қозғалыс қалай жанданды?

Алматы іргесіндегі «Алтын орда» базары маңындағы блок-бекетте сақшылар әрі-бері өткен көліктерді соңғы минутқа  дейін тексерді. Тек межелі уақыт жеткенде олар сапқа тұрып, жұмыс орнына қайтты. Түнде жұмысшылар негізгі және шағын бекеттердегі мыңнан аса турникет пен 500-дей бетон блокты арнайы техникамен тиеп әкетті. Полицейлер: «Қажет болған жағдайда, бұл тосқауылдарды еш қиындықсыз қайтып әкелеміз» - дейді.

Жандос Мұратәлиев, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Ондай нұсқау келіп жатса, біз ондайға дайынбыз деп ойлаймыз. Себебі, осы бекеттерде болған жағдай бізді талай нәрсеге үйретті. Өзіміз қалай тазалықты сақтау, қалай жұмысты ұйымдастыру, қалай қаланы жабу, қай жағында қателік кетуі мүмкін бәрін ескеріп, жабу керек жағдай болса, міндетті түрде жабамыз.

Шектеуге байланысты мегаполистен кетуге мәжбүр болған өзге қала тұрғындары таңертең қайта орала бастады. Бірақ блок-бекеттердің орнында ұзын-сонар кептеліс байқалған жоқ. Ал бұған дейін жіті тексерістің кесірінен жүргізушілердің жолда сағаттап тұруына тура келген еді.

6-да келіп, 8-де әрең өттік, 8 жарымда. Екі жарым сағат.

- Бүгін қанша минутта өттіңіз?

- Бүгін 5 минут.

- Қазір ерте бара жатырмын. Жұмысқа барып ұйықтаймыз қазір.

- Қанша минутта өттіңіз?

- 10 минут болған жоқ қой.

Жиналған шатыр, темір күркелер және есігі кілттеулі контейнер. Бұл жерде блок-бекет болғанын тек осылар ғана еске салып тұрған. Таңертең арнайы келген жұмысшылар оларды да жинап алып кетті.

Түннен бастап өңірлердегі блок-бекеттер де алынуы тиіс еді. Ақтөбедегі өткізу пункттері тек түске таяу жинала бастады. Түн жарымында көліктердің қалаға еркін кіріп-шығуына рұқсат берілгенімен, мұндағы мамандар бүгін кешке дейін кезекшілік атқарды. Өйткені аймақтағы бас санитардың бұйрығын күткен. Тәртіп сақшылары ұзақ уақыт үй бетін көрмегендіктен, бала-шағасымен қауышуға асық.

Ақылбек Айтмағанбетов, полиция қызметкері:

- Бүгін мына бекетте соңғы кезекшілігім. Ертеңнен бастап өз жұмысымызға кірісеміз. Қазір әкімшілік адамдары келіп, бүкіл жасаған қызметтерді өткізді.Соның бәрін жинап, ұйымдастырып жатыр. Енді болашақта мұндай болады деп ойламаймыз.

Блок-бекеттегі қызмет барысында полицейлерден темірдей төзім талап етілді. Өйткені тәртіпке бағынбаған тұрғындар көп болды. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында екі жарым айда бекеттен 800 мыңға жуық адам мен 292 мың көлік өтіпті.

Данияр Оралов, Нұр-Сұлтан қалалық ПД ресми өкілі:

- Көбінесе жауапкершілікке тартылған азаматтар осы блок-бекеттерді айналып өтуге тырысқан азаматтар, болмаса мас күйінде келіп, ережеге бағынбай, бұзып өту фактісі де болды.

Мұндай азаматтар әкімшілік жаза арқалап тынды. «Ал қазір блок-бекеттер жоқ болғанымен, бұл босаңсуға себеп емес», - дейді полицейлер. Яғни еліміздің басым бөлімінде карантин режимі әлі де сақталады. Демек азаматтардың медициналық бетперде киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауы, сондай-ақ, жеке гигиена ережелерін ұмытпауы маңызды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.